Rakhat Fitness СК таңдудың 5 себебі

№1. Бассейн

Rakhat Fitness спорт клубы Қазақстандағы ең жақсы бассейндердің біріне ие. (Олимпиадалық бассейн) 50×21 м, сегіз жолдан тұрады; 25×21 м жеті жол және бір жолында фальш-түбі бар (ең төменгі тереңдігі 70 см.).

Жазда біздің бассейніміз ашық аспан астындағы қаланың ең үлкен су қоймасына айналады: мамырдың басында күмбез алынып, таудың көрінісі бар кең демалыс аймағы пайда болады. Бассейннің жанында шезлонгтар мен төбесі жабылған жазғы бар орналасқан.

№2. Орналасқан жері

Спорттық клуб қаланың орталығында. Ең жақын метро бекеті клубтан бес минуттық жерде орналасқан. Сондай-ақ Орталық стадион, Балуан Шолақ ат. Спорт сарайы, Қазақ мемлекеттің циркі, М. Әуезов ат. театры жақын.

№3. Көлемі

Жалпы көлемі – 12000 м² құрайды.

№4. Кесте

Алматыдағы топтық бағдарламалардың ең үлкен кестесі осында. Бізде олардың 46-ы бар, күштік жаттығулардан бастап, болашақ аналардың жаттығуларымен аяқталады, 19 балалар фитнес бағдарламалары мен 5 балалар су секциясы бар.

№5. Жаттықтырушылар құрамы

Біздің жаттықтырушыларымыз жоғары санатты, түрлі халықаралық чемпионаттардың жеңімпаздары мен чемпиондары, Олимпиадалық ойындарға қатысушылар. Олардың тәрбиеленушілері мәртебелі жарыстардың жеңімпаздары, мысалы, Олимпиада алтынын жеңіп алған Қазақстанның тұңғыш өкілі Дмитрий Баландин сияқты.



Жаңалыктар

Наурыз 27, 2024
ЕРЛЕР САУНАСЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА ЖАБЫЛАДЫ

ЕРЛЕР САУНАСЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА ЖАБЫЛАДЫ
Құрметті клубтың клиенттері мен қонақтары! толығырақ »

Наурыз 20, 2024
Наурыз 11, 2024
Құрметті клубтың клиенттері мен қонақтары!

Құрметті клубтың клиенттері мен қонақтары!
Қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтаймыз! Жақсы ниетпен және ізгі амалдармен өткізуіңізге тілектеспіз. Осы айда ойыңыз бен тәніңіз тазырып, ал санаңызда жақсы идеялар пайда болсын. Денсаулық, бақыт және отбасыңызға тыныштық тілейміз, үйіңіз махаббат пен молшылыққа толы болсын! толығырақ »

Наурыз 7, 2024
8 Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

8 Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Осы керемет күні біз адамзаттың сұлу жартысын құттықтағымыз келеді. Осылай нәзік, парасатты, сұлу және керемет болып қала берулеріңізді тілейміз! Әр күндеріңіз сіздерді қуанта берсін және жағымды сезімдер сыйласын! Өмірлеріңіздің әр сәті махаббатқа, жылулыққа және бақытқа толы болсын! толығырақ »

Сіз қай жарнаманы жиірек көресіз/тыңдайсыз?
Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар