Форум

Сұрақ /
пікір
АЗ АҚПАРАТТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ЖАУАПСЫЗ ҚАЛАДЫ ЖӘНЕ САЙТТА ЖАРИЯЛАНБАЙДЫ! ӨЗІҢІЗДІҢ БАЙЛАНЫСТАРЫҢЫЗДЫ ҚАЛДЫРУДЫ ҰМЫТПАҢЫЗ, ҚАЖЕТ БОЛҒАН ЖАҒДАЙЛАРДА БІЗ СІЗБЕН БАЙЛАНЫСУЫМЫЗ МҮМКІН.
Жанар
Форум
Қантар 7, 2015
Сұрақ /
пікір:
Добрый день! Скажите Ваш адрес? И Ваши расценки
Жауап: Здравствуйте Жанар. С расценками нашего клуба Вы можете ознакомиться перейдя по ссылке http://www.rakhat-fitness.kz/ru/about/price/ Наш Клуб расположен по адресу: г.Алматы, прт. Абая, 48. Схема проезда: http://www.rakhat-fitness.kz/ru/about/contacts/ Успехов Вам в спортивных начинаниях!
Көрсету/Жасыру
Татьяна Кантаурова
Форум
Қараша 21, 2014
Сұрақ /
пікір:
Сіздердіңорталықтарыңызбен бірге болғандығым үшін мен бақыттымын. Мен барлық сабақтардан рахатқа бөленемін. Орталыққа қандай көңіл күймен кірсем де, ресепшендегі балаларды көре салысыммен-ақ күле жүріп шұғылдануға болады. Маған бәрі де ұнайды!!! Менің бапрлық жерде болуға уақытым бола бермейді. Мен Орталықтан 2-3 сабақтан кейін шығуға өзімді итермелеймін. Жоғары көңіл күймен билеймін, созыламын, секіремін, жүземін. Түрлі қалалар мен елдердегі спорт шараларына қатыса жүріп, міндетті түрде сіздердің фирмалық кепкаларыңызды киіп аламын. Мен өз өмірімді Рахат фитнес орталығынсыз мәнсіз деп түсінемін.
Жауап: Татьяна, Сізге бізбен бірге болғаныңыз үшін көп рахмет! Біз Сіздің клубта болған кезіңізді одан да жақсарта түсуге тырысамыз!
Көрсету/Жасыру
Алишер Ахметов
Форум
Қырқұйек 23, 2014
Сұрақ /
пікір:
НЕ ҮШІН? Жыл сайын қысқы ысталған ауамен әбден ысталған қатардағы қала тұрғыны табиғат қойнауына шыққанды армандайды, бірақ көктем келісімен әркімен өзімен-өзі әлекке түседі, алматылықтар да осындай болып келеді. Демалыс күндері қала босап қалғандай болады. Есесіне қала маңы мен тау беткейлерінде таза ауа мен түрлі қызық іздеп жүргендер толып-ақ кетеді. Олардың ішінде жаяу жорыққа шығатындар ерекше көрінеді. Олар үлкен және кіші кеңістіктерді бағындыруға талпынған жаяу әскерге тең. Олар табиғатта кәуап жеумен ғана қанағаттанбайды, және альпинистер сияқты бар керек-жарағын арқалап жүрмейді. Қапырық меаполистен трекингті аяқ киім, кенелерге қарсы құрал, аздаған су мен тамақ– міне бар болғаны кеңсе планктонынан ғажап-туриске айналудың жолы. Егер жоғарыда аталғандарға пікірлестер қосылған болса, одан басқа арманның керегі не? Тек жақсы ауа райын тілеу керек шығар. Ал ол мамыр айында бізді тәуір-ақ ерелетті! Бір сұрақ болмаса бәрі жақсы, әрине. Не үшін? Оны таныстар да, достар да сұрайды. Кейде таң қалғандарын да жасырмайды. Не үшін бос уақытты осылай өз күшіңмен жақсы ауа райында өткізуің қажет? Міндетті түрде жаяу жүріп, гриль, мангал сияқты өзге де ауыр заттарды арқаламай жүру қажет . Не үшін деген заңды сұрақ туындайды. Сіз альпинистсіз бе? Шынында да, не үшін. Мен де, менімен тау соқпақтарын бірге бөліскендер де, мыңдаған метр биікиіктерді бағындырғандар да лавр құрметіне бөленгісі келмейді. Не үшін заңды демалыс күнініде таңертең ерте тұрып, ыстқ немесе суық күндері әлдебір шыңға, немесе теңіз деңгейінен неше мың метрлік биіктіктерге шығуды көздейді? Мен осы сұрақтарды өзіме қоямын, тұруға ерініп біраз жатамын да, тіпті ағзам мені тыңдамайтын сияқты болады. Не үшін мен өзімнің бағындырған шыңдарыма қайта шығуым керек, қайтар жолға шама жетер ме екен? Не үшін тау қуыстарына шығуым керек, онда табиғатты жақсы көретіндер өз лагерлерін орнатып та жатқан болар. Білмеймін. Тағы бір рет барып келейін. Қызығатындардың бірін өзіммен бірге ала барайын. P.S. айтпақшы, ұмытып кете жаздаппын. Алдымен Ольга Сергееваға («Rakhat Fitness» СК) кіріп шығу керек. Патшайым бізді тізіміне енгізіп қойсын. Онсыз болмайды ғой.
Жауап:
Көрсету/Жасыру
Галина Журенкова
Форум
Шілде 22, 2014
Сұрақ /
пікір:
Қайырлы күн. "Рахат Фитнес" ұжымының басшылығына орасан зор алғыс айта отырып, демалыс күндері ұйымдастырылған жорықтар үшін рахмет айтамын! Ерекше ризашылығымызды осы жорықтарды ұйымдастырған фитнес жаттықтырушы Сергеева Ольгаға білдіреміз. Мен өкінішке орай, клуб мүшесі емеспін, бірақ оның өзі Ольга ұйымдастыратын жорықтарға аттануға, тау шыңдарын бағындыруға, сөйтіп жағымды күш-қуат алуға еш кедергісін тигізбейді. Әр жорыққа аттанған сайын жанымыз рахатқа бөленіп, жақсы демаламыз, жаттықтырушымыз да керемет адам, жорықтарымыз көңілді, әсіресе шың басында ереккше көтеріңкі көңіл күйге бөленеміз. Жанымыз тыныштыққа бөленіп, өзгеше бір жұмақ әлеміне тап болғандай боласың. Бұл біздің күйбең тіршілігіміз мен асығыспен жүретін кездерімізде өте қажет деп ойлаймын, себебі тым болмаса аптасына бір рет болса да таза ауамен көкірек кере демалып, жан дүниеңнің бар пернесімен рахатқа бөлену келесі аптаға дейін күш-қуат алуға себеп болады деп білеміз. Ал шың басында шай ішкеннің өзі неге тұрады, бұл кәдімгі жақсы дәстүрге айналып келеді, дөңгелене тұра қалып, жоғары көңіл күймен шай ішкеннің өзі – кез-келген жорықтың шарықтау шыңы. Жалпы алғанда сіздерге демалыс күнгі жорықтарды барынша қолдауларыңызды сұраймын, ал мен сіздерге қосылуға және ләззат алуға әрқашанда қуана қосыламын!
Жауап: Галина, жан жылуын сыйлаған жақсы сөздеріңіз үшін Сізге көп рахмет!
Көрсету/Жасыру
Елена Гурина
Форум
Мамыр 17, 2014
Сұрақ /
пікір:
8 мамыр күні біздің жақсы көретін «Рахат Фитнес» тау шыңдары мен қызықты маршруттарды бағындырудың жаңа маусымын ашты. О, шіркін, егер өзіңіз сияқты тауға ғашық жандармен, пікірлестермен көркем табиғат көріністері арасында таудың соқпақ жолдарымен жүріп өтудің өзі қандай бақыт сіз білсеңіз ғой. Маусымның ашылуы көптеген саяхатқа құмартушыларды жинай білді: қыс бойы біраз халық табиғат қойнауына шығуды сағынып-ақ қалған екен. Біздің алғашқы маршрутымыз Жапон жолдары деп аталатын Алма-арасан сайында қырқыншы жылдары салынған тау жолы болып табылады. Жапон жолдары құрылысшылардың ұлтына қарай солай аталды, сайды жағалай алма-өрік баулары мен көрікті шырша ағаштары қатар бой түзеген ккөркем жол. Бүгінгі бұл - маршрут шартты түрде БАУ-6 деп аталып, оны жаяу туристер ғана жақсы көріп қоймай, велоспортпен шұғылданатындар да ұнатады, себебі жол бойынан Алматы қаласының әсем көріністері мен Алматы сайының көрікті бейнесі көз алдыңа келеді.Балалар! Біз Сіздермен бірге жақсы уақыт өткіземіз! Сергеева Ольгаға, топтық бағдарламалар бөлімшесінің басшысына және топтық бағдарламалар нұсқаушысы Сергей Петрович Молгачевке рахмет айтамыз! Тау соқпақтарында жаңа кездесулерді күтеміз!
Жауап: Елена, Сіз бізбен бірге болғаныңыз үшін Сізге үлкен рахмет айтамыз! Көңіл күйді көтермелеп, әдемі күлкі сыйлағаныңыз үшін тағатсыздана жаңа кездесулерді күтеміз!
Көрсету/Жасыру
Виктория
Форум
Мамыр 15, 2014
Сұрақ /
пікір:
Үш айдан бері жаттығамын, көлемім азайған сияқты, бірақ салмақ азаймай тұр.
Жауап: Бұлшық еттің, май салмағының, май немесе мақтаның бір килограмы қашанда қандай зат болса да килограмға тең болады. Дегенмен тығыздығы мен алатын орнына қарай олардың барлығы әртүрлі. Ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, бір килограм бұлшық еттің көлемі тығыздығы жағынан бір килограмм майға қарағанда 22% пайызға қарағанда аз болып келеді. Сондықтан майдың азаю мөлшеріне қарай сіздің бұлшық етіңіздің тығыздығы арта түседі, сол себепті салмағыңыз өзгеріссіз қалады деп қорытынды жасауға болады. Жаттығу үдерісінің маңызды ерекшелігінің бірі дене құрамының өзгерісі мен дене бітімінің түзелуі болғандықтан, салмақтың азаюы емес көлемнің азаюына көңіл бөлген тиіс.
Көрсету/Жасыру
Эльвира
Форум
Мамыр 14, 2014
Сұрақ /
пікір:
Жамбас пен мықындағы артық көлемді азайту үшін қандай жаттығулар орындау керек?
Жауап: Белгілі бір бұлшық ет тобына жаттығулар орындау дененің осы жергілікті бөлшегіндегі көлемді азайтуға кепілдік бере алмайды. Кез-келген дене жүктемесін орындау барысында адам ағзасы жаттығудың ұзақтығы мен қарқындылығына байланысты белгілі калория санын жұмсайды. Егер адам ағзасының калорий алғаннан да жұмсағаны көп болса, салмақ азайып, көлем азаяды. Дегенмен, май ешқашан бұлшық ет талшықтарына немесе керісінше құбылысқа айналмайды.
Көрсету/Жасыру
Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз