Жаттықтырушылар командасы – спорттық нәтижелерге қол жеткізу жолында жетістікке жетудің маңызды құранды бөліктерінің бірі. Егер сіз рекордтар қоюды алдыңызға мақсат етіп қоймасаңыз да, және спортклубқа өзіңіздің жалпы сергек күйіңізді сақтау үшін келсеңіз де, нұсқаушылардың тәжірибелі құрамы сіздің мақсатыңызға оңай қол жеткізуге деген сеніміңізді арттырумен бірге оны нығайта түседі.
Rakhat Fitnessтің кәсіби жаттықтырушылары мен нұсқаушылары сізге құзыретті консультациялар беруге, сауатты кеңестер айтуға, сіз үшін дербес бағдарламалар әзірлеуге, өзіңіз күткен нәтижеге қол жеткізуге арналған бағытты сілтеуге, сіздің үлкен жетістіктерге деген ұмтылысыңызға қолдау көрсетуге әзір. Біз үшін сіздің клубта болған кезіңіздің өзіңіз үшін ыңғайлы, ал өткізген уақытыңыз тиімді болғаны маңызды.
Біздің команда фитнес-индустрия саласындағы соңғы өзгерістерге жауап беретін жаңа бағыттарды аша отырып, тұрақты түрде бағдарламалар желісін кеңейтуде. Авторлық әдістемелер және әзірлемелер біздің клубымызда белсенді түрде қолданылып келеді – бізге спортпен шұғылдануға шығармашылықтың үлесін қосқан ұнайды, себебі олар ең алдымен бізге келушілерге ләззат пен қуаныш сыйлауы тиіс.
Rakhat Fitnessтің нұсқаушылар құрамын олардың көпшілігі үшін өмір салтына айналған өз жұмысына деген терең қызығушылық арқылы бас қосқан. Біздің жоғары дәрежелі жаттықтырушыларымыз спорттың әр түрі бойынша ҚР-ң жүлдегерлері мен жеңімпаздарының бірнеше буын ұрпақтарын тәрбиелеген.
Келіңіздер, біз сізбен бірге спорттық жетістіктеріңіздің картасын жасаймыз!
Су добынан жаттықтырушы, су добынан ҚР спорт шебері, су добынан ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Кувейт, 1997 ж.), су добынан жастар арасындағы әлем чемпионатының қатысушысы (Куба, 1997 ж.).
Су добынан жаттықтырушы, су добынан ҚР спорт шебері, су добынан ҚР бес дүркін чемпионы, су добынан республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері және жеңімпазы.
Су добынан жаттықтырушы, су добынан ҚР спорт шебері, су добынан ҚР үш дүркін чемпионы, Су добынан ҚР Кубогының екі дүркін иегері, су добынан Ресей чемпионатының қола жүлдегері.
Судағы топтық бағдарламалар бойынша жаттықтырушы, су добынан жоғары санатты шебері-жаттықтырушы, су добынан ҚР спорт шеберіне үміткер, су добынан ҚР чемпионы, су добынан әлем чемпионатына қатысушы.
Жүзуден және су добынан жаттықтырушы, су добынан жоғары санатты жаттықтырушы, су добынан КСРО спорт шебері.
Жүзу бойынша жоғары санатты жаттықтырушы, жүзуден КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Жүзу бойынша жаттықтырушы, жүзуден жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, жүзу бойынша ҚР жоғары санатты ұлттық төреші, жүзуден КСРО спорт шебері.
Жүзу бойынша жаттықтырушы, жүзуден жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, жүзу бойынша ҚР жоғары санатты ұлттық төреші, жүзуден КСРО спорт шебері.
Жүзуден жаттықтырушы, жүзу бойынша ҚР спорт шебері, жүзуден ҚР чемпионы.
Жүзу бойынша жаттықтырушы, су добынан ҚР спорт шебері, жүзу бойынша спорт шеберіне үміткер, су добынан ҚР Чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері және қатысушысы.
Су добынан жаттықтырушы, су добы бойынша жоғары санатты жаттықтырушы.
Жүзуден жаттықтырушы, жүзуден ҚР спорт шебері, жүзуден ҚР бірнеше дүркін жүлдегері және чемпионы.
Жүзу бойынша жаттықтырушы, жүзуден 1-санатты жаттықтырушы, су добынан ҚР спорт шеберіне үміткер.
Жүзу жаттықтырушысы, топтық су бағдарламаларының шебері-жаттықтырушы, суға секіруден ҚР спорт шебері. Суға секіруден ҚР чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері, суға секіруден Грекия және Норвегия ашық чемпионаттарының чемпионы.
Көркем / синхронды жүзуден жаттықтырушы, мәнерлеп жүзу бойынша ҚР және УР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, мәнерлер жүзуден КСРО спорт шебері, Сиднейдегі XXVII Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2000 ж., Қазақстан мен Украина біріншілігінің жеңімпазы, синхронды жүзуден Германия мен Египеттің ашық чемпионаттарының жүлдегері.
Әртістік/синхронды жүзу бойынша жаттықтырушы, синхронды жүзуден ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындарының қатысушысы, ӘЧ финалисті (2016, 2017, 2019 ж.), Әлем Кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жүлдегері, синхронды жүзуден ҚР бірнеше дүркін чемпионы.
Сертификатталған хатха-йога нұсқаушысы.
Топтық бағдарламалар тренері, хатха-йога және интегралдық йога шебері.
Топтық, су және балалар фитнес бағдарламаларының шебері-жаттықтырушы, фитнестің күштік ағыттары бойынша сертификатталған шебер-жаттықтырушы.
Топтық бағдарламалар үйлестірушісі, жеке элит-жаттықтырушы, топтық бағдарламалар нұсқаушысы, фитнестен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорттық гимнастикадан ҚР спорт шебері, жатып сығымдап көтеруден ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, фитнестен ҚР бірнеше дүркін чемпионы, жатып сығымдап көтеруден әлемнің екі дүркін чемпионы, 2016–2017 жж.
Баскетбол бойынша жаттықтырушы. ҚР баскетболдан спорт шеберіне үміткер. 2002–2003 жас мөлшері санатындағы баскетболдан ҚР бірнеше дүркін чемпионы, 2019 жылғы ҚР құрамасының ойыншысы. 2019 жылғы Азия чемпионатына іріктеу кезеңінің чемпионы. 2018 жылы Томск қаласында өткен халықаралық турнирдің үздік ойыншысы. 2019 жылы Бішкек қаласында өткен халықаралық турнирдің чемпионы.
Волейболдан жаттықтырушы, волейболдан ҚР спорт шеберіне үміткер, жағажай волейболынан ҚР чемпионаттарының жүлдегері.
Таэквондо бойынша жаттықтырушы-нұсқаушы. Таэквондодан ҚР спорт шебері, таэквондо ВТФ бойынша 6-шы дан қара белбеу, WHMAF хапкидо бойынша 5-ші дан қара белбеу иегері, халықаралық төреші. Таэквондодан ҚР үш дүркін чемпионы.
Топтық бағдарламалар нұсқаушысы, велоспорттан ҚР спорт шебері.
Би және балалар фитнес бағдарламаларының нұсқаушысы, ZUMBA ZIN нұсқаушысы.
Топтық және балалар фитнес-бағдарламаларының нұсқаушысы, спорттық гимнастикадан ҚР спорт шебері, фитнестен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Балалар фитнес-бағдарламаларының нұсқаушысы, көркем гимнастикадан ҚР спорт шебері, топтық жаттығуларда көркем гимнастикадан ҚР Чемпионы, жеке және топтық біріншілікте Алматы қаласының бірнеше дүркін чемпионы, топтық біріншілікте 2014 Спартакиадасының қола жүлдегері, жеке біріншілікте Әлия Юсупованың жүлделері үшін F. I. G турнирінің қола жүлдегері.
Топтық және би бағдарламаларының нұсқаушысы, халық би ансамблінің әртісі, PasoDeLasePalabras фламенко фестивалінің қатысушысы, Dancelady байқауының «Соло» номинациясының жеңімпазы, «Күншуақ» конкурсының лауреаты.
Би бағыттары бойынша топтық бағдарламалар нұсқаушысы: Халықтық, заманауи, «Еуразия жұлдыздары» халықаралық шығармашылық жобасы мен «Өнер планетасы» ересектер шығармашылығының халықаралық фестивалінде «Гран-при» марапаттарының иегері.
Би бағыттары бойынша топтық бағдарламалар нұсқаушысы: Аргентиналық танго, еуропалық және латынамерикалық Ballroomdance (Standard&Latin), ClubLatin (Bachata), ProAm. Бал билерінен ҚР спорт шеберіне үміткер. Бал билерінен республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
Би бағыттары бойынша топтық бағдарламалардың нұсқаушысы: Latina mix, strip plastic, club dance, восток, заманауи билер, классикалық. 15 жылдық тәжірибесі бар қоюшы хореограф.
Топтық бағдарламалар нұсқаушысы, йога бойынша сертификатталған нұсқаушы. Қазақстандағы бірінші йога конвенциясының қатысушысы.
Жаттығу залының дербес жаттықтырушысы, бодибилдингтен спорт шеберіне үміткер, тай боксынан Ресей спорт шеберіне үміткер, қоян-қолтық күрестен Ресей шебер-нұсқаушысы, тай боксынан Ресей жоғары санатты жаттықтырушы.
Жаттығу залының дербес жаттықтырушысы. Спортшылар мен чемпиондарды бодибилдинг, пауэрлифтинг бойынша түрлі жарыстарға дайындаумен айналысады. Еңбек өтілі — 30 жылдан астам.
Функционалдық жаттықтырушы және кроссфит бойынша маман, бокстан ҚР спорт шеберіне үміткер. Еңбек өтілі-20 жыл.
Жаттығу залының үйлестірушісі, жаттығу залының дербес жаттықтырушысы, фитнес бойынша ҚР спорт шебері, фитнес бойынша 2002 жылғы ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, 2002 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері, 2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — бодибилдинг және фитнес бойынша ҚР құрамасының жаттықтырушысы. Алматы қ. пауэрлифтинг, фитнес және бодибилдинг федерациясының хатшысы.