Майталмандар командаларының арасында су добынан матч

Жаңалықтар архиві »

Тамыз 26, 2017

Ағымдағы жылдың 27 тамыз күні, сағат 10.30, Алматы қаласында, «Су спорты турлерінен республикалық орталық» АҚ-ның негізінде су добы бойынша ардагерлер командалары арасында жолдастық матч өткізіледі.

Спорттағы ардагерлік қозғалыс- жастардың дүниетанымын қалыптастырудағы негіз ретінде есептеледі. Өйткені, жастар аға ұрпаққа қарап үлгі алады, егер де олар аға ұрпақтың спортпен шұғылданатынын және түрлі жарыстарға қатысатының көрсе, жас ұрпақ та оларға тең келуге тырысады.

Қазақстандағы су добының ежелгі және жарқын жолы бар. 80 жылдары су добы бойынша Алматы қаласының «Динамо» клубы 9 мезгіл қатар КСРО чемпионатының жүлдегерлер қатарына кірген болатын, ал қазақстандық су добы ойыншылары КСРО құрама командасының құрамында су добының кеңес мектебін даңқын шығаруда ат салысқан болатын. Сондықтан, 80-жылдардың атақты шеберлерінің жас су добы ойыншыларымен бөлісетін көп нәрсе бар. Ең жақсы жолы жеке үлгі ретінде ойын өткізу арқылы көрсету болып табылады!

«Су спорты турлерінен республикалық орталық» АҚ-ң мекенжайы:

Алматы қ. Абай даңғылы, 48.

Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі телефон арқылы хабарласуыңызға болады:

+7 (727) 293 04 80, office@aquatics.kz

Аккредитация мәселелері бойынша төмендегі телефон арқылы хабарласуға болады:

+7 (702) 777 97 44 Жібек Уранхаева, zhibeka.ur@gmail.com.

Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз