Майталмандар командалары арасында су добынан жолдастық матч

Жаңалықтар архиві »

Тамыз 28, 2017

Ағымдағы жылдың 27 тамыз күні, сағат 10.30-да, Алматы қаласында «Су түрлері бойынша республикалық орталық» АҚ-ның негізінде, «Туризм индустриясы мен спортты дамыту қоры» корпоративтік қорымен бірлесе, «Самрұқ –қазына» бас серіктестің қолдауымен су добы бойынша ардагерлер командалары арасында жолдастық матч өтті.

Осы жолдастық кездесуге біздің атақты шеберлеріміз, 9 мезгіл қатар КСРО чемпионатының жүлдегерлері қатарына енген, КСРО құрама командасының құрамында су добының кеңес мектебін даңқын шығаруда ат салысқан су добы бойынша Алматы қаласының «Динамо» клубының ойыншылары қатысты: Олимпиада чемпионы Котенко С., халықаралық дәрежедегі шеберлер Оразалинов А., Глазман К., Сальниченко В.,

Хакилиди Ю., Полухин А. Сазыкин А.

Ойын достық қалыпта өтіп, тең есеппен аяқталды. Командалар қызық және нәтижелі ойынды көрсетті. Ардагерлердің айтуынша, бұрынғы достарды кездестіру және жарыс атмосферасына қайта ену оларға жаңға жайлы сезім сыйлады.

«Су спорты түрлерінен республикалық орталық» АҚ-ң мекенжайы:

Алматы қ. Абай даңғылы, 48.

Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі телефон арқылы хабарласуға болады:

+7 (727) 293 04 80, office@aquatics.kz

Аккредитация мәселелері бойынша төмендегі телефон арқылы хабарласуға болады:

+7 (702) 777 97 44 Жібек Уранхаева, zhibeka.ur@gmail.com.

Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз