Жас спортшыларға арналған мастер-класты олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин өткізеді

Жаңалықтар архиві »

Қырқұйек 27, 2017

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде 10.00 бастап 11.00 дейін Алматы қаласында «Су спорты түрлерінен республикалық орталық» АҚ базасында олимпиада чемпионы Д. И. Баландин жас спортшылар – спорт мектептері мен интернаттарының оқушылары үшін мастер-класс өткізетін болады.

Сабақтар барысында аса көрнекті қазақстандық жүзгіш өзінің браспен жүзу техникасы бойынша бірқатар әдістемелерді көрсетеді және техниканы түзетуге және жылдамдық әлеуетін жүзеге асыруға ықпал ететін техникалық элементтерді орындайды. Жас спортшылар жүзу техникасының негіздерін игеріп, жаттығулар мен элементтерді (айналымдар, сырғу, есу) дербес орындай алады, сондай-ақ спорттық жүзу дағдыларын дамыта алады.

«Су спорты түрлерінен республикалық орталық» АҚ мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 48.

Қосымша ақпарат үшін мына телефон бойынша өтініш жасаңыздар:

+7 (727) 293 04 80, office@aquatics.kz

Аккредитация мәселелері бойынша мынадай телефон бойынша

өтініш жасаңыздар:

+7 (702) 777 97 44 Жібек Уранхаева, zhibeka.ur@gmail.com
Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз