Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин жас спортшыларға арнап мастер-класс өткізді

Жаңалықтар архиві »

Қырқұйек 29, 2017

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде 10.00 бастап 11.00 дейін Алматы қаласында «Су спорты түрлерінен республикалық орталық» АҚ базасында «Туризм және спорт индустриясын дамыту қоры» корпортивтік қорымен бірлесіп бас серіктес «Samruk-Kazyna Trust» қолдау көрсетуімен олимпиада чемпионы Д. И. Баландин жас спортшылар – спорт мектептері мен интернаттарының оқушылары үшін мастер-класс өткізді.

200 м браспен жүзуден 2016 жылғы Олимпиадалық ойындар жеңімпазы Дмитрий Баландин Алматы қ. 10–17 жастағы 42 спортшылар – спорт мектептері мен интернаттарының оқушылары үшін мастер-класс өткізді.

Дмитрий сабақтарды буындар мен бұлшық еттердің ырғақтылығын және икемділігін ұлғайтуға бағытталған жүзгіштерге тән жаттығуларға аса назар аудартумен құрғақтағы дене ширатудан бастады, сондай-ақ құрғақта жүзу элементтерін орындау тәсілдерін көрсетті. Әрі қарай лауазымды тәлімгер оқушылармен сабақты бассейнде жалғастырды, мұнда Дмитрий жас жүзгіштермен сырғу, теңгерілімділікті сақтау және судағы дене күйін тұрақтандыру сияқты негізгі жүзу элементтеріне жаттығу құпияларымен бөлісті. Сондай-ақ Д. Баландиннің басшылығымен жас спортшылар есу және аяқпен соққылау тиімділігін ұлғайтуға бағытталған жаттығуларды игерді.

Мастер-класс достық жұмыс атмосферасында өтті. Балалар Диманың әрбір сөзіне құлақ түріп, оның нұсқауларын мұқият тыңдап, барлық тапсырмаларды ынтамен орындады. Ешкім назардан тыс қалмады.

Соңында балалар Дмитрийрге өткізілген сабақ үшін алғыстарын айтты және бәрі бір ауыздан мұндай кездесулердің дәстүрлі болғанын қалайтындарын білдірді.

Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз