Жас су добы ойыншыларына арналған шеберлік сабағын Су спорты түрлері федерациясының жаттықтырушылары өткізеді

Жаңалықтар архиві »

Қазан 26, 2017

Ағымдағы жылдың 26 қазан күні, сағат 17.00-ден бастап 18.00-ге дейін, Алматы қаласында «Су түрлері бойынша республикалық орталық» АҚ-ның негізінде, су добы бойынша Су спорты түрлері федерациясының жаттықтырушылары спорттық мектеп пен интернаттардың жас спортшы-оқушыларына арнап шеберлік сабағын өткізеді.

Шеберлік сабақта ер және жастар Ұлттық құрама командаларының жаттықтырушылары А. Шведов., Д. Ходзинский, сонымен қатар сербиялық маман Н. Кнежевич допты иеленуге қатысты негізгі техникалық тәсілдерді меңгеру және дара шеберлік бойынша әдістемелер қатарын көрсететін болады.

Жас спортшылар техникалық негіздерді меңгеріп, келешекте су добында өздерінің дербес шеберлік икемдерін жетілдіре алады.

«Су түрлері бойынша республикалық орталық» АҚ-ң мекенжайы:

Алматы қ. Абай даңғылы, 48.

 Іс-шараны «Samruk-KazynaTrust» қорының әлеуметтік жобаларын дамыту қоры қолдады.

Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі телефон арқылы хабарласуға болады:

+7 (727) 293 04 80, office@aquatics.kz

Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз