Су спорты түрлері федерациясының су добы бойынша Ұлттық құрама командаларының жаттықтырушылары жас су добы ойыншыларына шеберлік сабағын өткізді

Жаңалықтар архиві »

Қараша 1, 2017

Ағымдағы жылдың 26 қазан күні, сағат 17.00-ден бастап 18.00-ге дейін, Алматы қаласында «Су спорты түрлерінің республикалық орталығы» АҚ-ның негізінде, «Туризм индустриясы мен спортты дамыту қоры» корпоративтік қорымен бірлесе, «Samruk-Kazyna Trust» бас серіктестің қолдауымен, су добы бойынша Ұлттық құрама командаларының жаттықтырушыларымен, 10–15 жас аралығындағы спорттық мектеп пен интернаттардың оқушыларына шеберлік сабағы өткізілді.

Су добы бойынша ер және жастар Ұлттық құрама командаларының жаттықтырушылары А. Шведов., Д. Ходзинский, сонымен қатар сербиялық маман Н. Кнежевич жас спортшылар мен аумақтардан келіп қатысқан жаттықтырушалырға негізгі жүзу техникалық элементтерін, допты иелену және дара шеберлік амалдарын, құрғақ және суда оларды қолдану әдістемесін көрсетті, сонымен қатар өздерінің су добындағы икемдерін жетілдіру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Шеберлік сабақ жұмыс қалыбында өтті, спортшылар тәжірибелі тәлімгерлерден бірегей баға жетпес білімдерді алып, су добындағы әрі қарайғы жетілдіруіне көмектесетін икемдерді меңгерді. Сонымен қатар, Республиканың түрлі аумақтарынан келген жас жаттықтырушылар да көп бағалы ақпаратты алды, оларға осындай шеберлік сабақтары аса маңызды білім көзі болып табылады.

Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз