Жүзуді жылдамдатып оқытудың жаңа бағдарламасы басталды

Жаңалықтар архиві »

Қараша 3, 2017

1 қарашадан бастап 7 жастан 16 жасқа дейінгі балалар мен ересектер үшін жүзуді жылдамдатып оқытудың жаңа бағдарламасы басталады

Жаңа бағдарлама Ресейде, Израилде сәтті жүзеге асырылуда. Спорттық жүзу техникасын жылдамдатып оқыту технологиясының әдістемелік кестесі бес деңгейден тұрады. Әр деңгейде нақты міндеттер орындалады, соларға байланысты оқытудың жеке әдістері мен тәсілдері қолданылады.

Бірінші кезеңде кеудемен және арқамен құлаштап жүзу техникасы бір мезетте үйретіледі. Оқыту элементтер бойынша жүргізіледі.

Жұмыста ұсынылған жаңа оқыту үлгісі су ортасына бастапқы бейімделу кезеңін қысқартады және оқу үдерісін едәуір жеделдетуге мүмкіндік береді.

Жаттығудың ойын тәсілі жүктемені жақсы көңіл күймен еңсеруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, клиенттер бағдарлама бойынша «су добы» ойынының, су асты және көркем жүзу техникасының қыр-сырымен танысатын болады.

Осылардың нәтижесінде:

· Клиенттер оқыту нәтижесінің жылдам байқайды;

· Базалық дағдылары бар клиенттер, дағдыларын одан ары тиімді жетілдіреді;

· Оқуды жалғасытурға деген қызығушылық арта түседі де, клиенттер жаңа бағдарламаның ұсынылуын сұрай бастайды, одан абонементтердің сатылуы артады;

· Су спорты түрлеріне қызығушылар саны артады, ересектер мен балалар үшін ең жақсы жүзу мектебі ретінде «Rakhat Fitness» спорт клубының танымалдылығы артады.

· Сіздерді жаңа бағдарламаларға күтеміз!

· Жаттықтырушыларға алдын ала хабарласу қажет.

· +7 701 780 76 05 Ермакова Т. С.
+7 747 307 6652 Кочергина А. Д.

Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз