«Best Body»

Жаңалықтар архиві »

Наурыз 3, 2018

Достар!
Директор VS фитнес-нұсқаушы #Rakhat_Battle-дан өздері де өтті, енді 5 наурызда біздің сүйікті клиенттеріміз үшін осыған ұқсас «Rakhat fitness — Best Body» жобасын бастаймыз. Жоба үш айға есептелген. «Rakhat Fitness» СК жаттығу залының нұсқаушыларының басшылығымен жоба қатысушыларына өз денелерін жетілдіру, өмір сүру салтын және әдеттерін өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.
Жобада жарыстық категория белгіленген:
  • әйелдер категориясы — Fitness (майды жою);
  • әйелдер категориясы — Power (бұлшық ет массасын жинау);
  • ерлер категориясы — Fitness (майды жою);
  • ерлер категориясы — Power (бұлшық ет массасын жинау). Нәтижелерді бағалау және жеңімпаздарды анықтау InBody аппаратында тесттерді салыстыру жолымен жүзеге асырылады. Fitness (майды жою) категориясында жеңімпаз пайыздық қатынаста жойылған майдың ең көп мөлшерімен анықталады, Power (бұлшық ет массасын жинау) категориясы да осыған ұқсас: жеңімпаз пайыздық қатынаста бұлшық ет массасының ең көп жинаған мөлшерімен анықталады.
    Міндетті! Нәтижелерді өлшеу InBody аппаратында апта сайын жүргізіледі (клуб клиенттері үшін — 1500 тг).
    Жобаға қатысу шарты:
  1. Өзіңіздің жеке жаттықтырушыңызды таңдаңыз.
  2. Өзіңіз қатысатын категорияны таңдаңыз (тек бір категория)
  3. InBody аппаратында бастапқы тестілеуден өтіңіз.
  4. Әр аптада InBody аппаратында бақылау тест жасаңыз. Болды – сен ойындасың!

    «Rakhat fitness — Best Body» клубтық жобасына қатысушылардың барлығы Алматы қаласының алдыңғы қатарлы фитнес-клубтары қатысатын «Фитнес Жұлдыздары 2018» жалпы қалалық сауықтыру фитнес-жобасының финалында өнер көрсете алады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар беріледі. Қосымша ақпаратты тренажерлік залдың тіркеу бөлімінен алуға болады.
Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз