«Рахат Фитнес» командасын құттықтаймыз!

Жаңалықтар архиві »

Қараша 7, 2018

29 қазан мен 3 қараша аралығында Томск қаласында 2005 және 2006 жылы туған ойыншылардан тұратын «Рахат Фитнес» жасөспірімдер командасы Сергей Белов атындағы 48-ші дәстүрлі Кубокқа қатысты. Турнирге әр түрлі жастағы 58 команда қатысты. Команда өнер көрсеткен 2005 ж. т. жас категориясы бойынша Ресейдің әртүрлі қалаларынан он екі команда болды. Біздің балалар өз кіші тобында бірінші орын алып, өткен жылғы турнирдің жеңімпазы Красноярск командасын жеңіп, финалға шықты. Финалда олар басқа кіші топтың жеңімпазы — Мәскеу қаласының УОР — 4 командасымен кездесті. Мықты командалар арасындағы жарыс Мәскеу қ. командасының жеңісімен 76:65 есебімен аяқталды. «Рахат Фитнес» командасын Ресей Федерациясының ең беделді турнирлерінің бірінен алған күміс медалімен құттықтаймыз.
Команда құрамы:
1. Марголин Данил — турнирдің үздік шабуылшысы болып танылды
2. Ермаков Александр — турнирдің ең бағалы ойыншысы деп танылды
3. Серікбай Ақан — турнир демеушісінің жүлдесі
4. Абилов Эмир
5. Золотухин Егор
6. Марголин Ярослав
7. Сиражи Дархан
8. Буру Буракалп
9. Дмитриев Егор
10. Ламлюм Адам
11. Сайлаухан Тимур
Жаттықтырушы — Золотухин А. Н.
Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз