Құттықтаймыз!

Жаңалықтар архиві »

Қырқұйек 20, 2019

Құттықтаймыз!28 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Шаморин қ. (Словакия) өткен жастар арасындағы артистік жүзуден әлем чемпионатында қазақстандық синхронды спортшы тұғырдың жоғары сатысына көтерілді.

Эдуард Ким – қазақстандық спорт тарихындағы алғашқы синхроншы ер адам, өткен чемпионатта ол Жаклин Якимовамен дуэтте өнер көрсетті. Қазақстандық жұп 155.3735 ұпай жинап, әлем біріншілігінің алтын медалін жеңіп алды.

Эдуард спорттағы жолын "Rakhat Fitness СК-де жүзу бойынша жаттықтырушы Татьяна Сергеевна Ермакованың басшылығымен бастады. 2017 жылы спортшы өз жолын синхронды жүзуден тапты. Оның активінде түрлі турнирлер мен чемпионаттарда бірнеше жеңістер болды.

Қазір жас чемпион клуб аумағында жаттығуды жалғастыруда.

СК Rakhat Fitness – бұл жай ғана спорт кешені емес, бұл жас спортшылардың дарындарын ашатын, тәжірибелі, жоғары білікті жаттықтырушылардың басшылығымен жаңа шыңдарды бағындыратын орын.



Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз