Ashyq бағдарламасы бойынша клубқа кіруді тіркеу бойынша нұсқаулық.

Жаңалықтар архиві »

Сәуір 7, 2021

Алдын ала не істеу керек:

  1. Ashyq мобильді қосымшасын App store немесе Google play-ден алдын ала жүктеп алыңыз;
  2. Телефон нөмірі бойынша тіркелу және авторизациядан өтіңіз.
Клубқа кіргендегі сіздің әрекеттеріңіз:
  1. Клубқа кірген кезде қосымшадан КІРУ деген жазуы бар тақтаны табыңыз
  2. Тақтада бейнеленген QR-кодты сканерлеңіз, ЖСН енгізіңіз, ОК батырмасын басыңыз
  3. Сіз Жеке мәртебесі бар Digital рұқсатнамасын аласыз, оны клуб қызметкеріне көрсету керек.

Төмендегідей мәртебелер бар:

  • Көк түсті мәртебе — ПТР сынағының нәтижелері жоқ, контакт тізімінде жоқ — КІРУГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛДІ.
  • Жасыл мәртебе-келуші деректер базасында COVID-19 теріс нәтижесімен ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген — кіруге рұқсат етілген.
  • Сары мәртебе — мәліметтер базасында контактілі ретінде белгіленеді — КІРУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
  • Қызыл мәртебе — COVID-19 оң нәтижесімен мәліметтер базасында тіркелген — КІРУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

Клубтан шығарда да QR-код бойынша шығуды тіркеу міндетті!

* Смартфон болмаған немесе Ashyq қосымшасын жүктеу кезінде қиындықтар туындаған жағдайда клуб қызметкері клубқа келушінің ЖСН енгізу арқылы кіруді / шығуды тіркей алады.

Егер сізде сұрақтар туындаса, оларды менеджерден +7 (727)2555888 телефоны арқылы сұрай аласыз

www.rakhat-fitness.kz

@rakhatfitness

Сізге және сіздің денсаулығыңызға қамқорлықпен, Rakhat Fitness!

Инструкция для регистрации входа в клуб по программе Ashyq
Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз