Менің белсенді балам

· Балаңызды виртуальды әлемнен қалай қайтару керек?

· Аз қозғалысты өмір салтының салдарын қалай түзету керек?

· Баланы белсенді және саламатты өмір салтын сүйгіштікке қалай дағдыландыру керек?


Мұның шешімі бар, бұл «Менің жарасымды балам» бағдарламасы!

«Rakhat Fitness» СК бірегей бағдарлама ойлап тапты, ол өсіп келе жатқан организм үшін ең маңызды нәрседен тұрады, түрлі жастағы балалармен жүргізілетін жұмыста ең үздік нәтижелер көрсеткен әдістеме негізінде әзірленген.

«Менің жарасымды балам» бағдарламасы мынадай мүмкіндіктер береді:

· іріктеп алынған жеке бағдарлама көмегімен бұлшық еттің барлық тобын дамыту және мүсінді түзету.

· академиялық көрсеткіштерді жақсарту, өйткені денеге түскен күш жұмыс істеу қабілетін жоғарылатады;

· көңіл-күйді жақсарту және күйзелуді азайту.

«Менің жарасымды балам» — бұл:

Судағы сабақтар: жүзуге ойын түрінде үйрету.

Спорттық ойындар: баскетбол, волейбол, футбол.

Жалпы дене шынықтыру: күшті, төзімділікті, жылдамдықты, ептілікті икемділікті дамытуға бағытталған дене жаттығулары.

Бірлескен белсенді демалыс.

Неге біз?

· Біз жеңімпаздарды шыңдап шығарамыз! "Rakhat Fitness” СК базасында олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, су добы мен синхронды жүзу және тағы басқалар бойынша ұлттық құрама командалары сияқты Қазақстанның ең үздік спортшылары жаттығады.

· Жазғы уақытта судағы сабақтар ашық аспан астында өткізіледі.

· Кәсіби жаттықтырушы-тәлімгерлер.

· Ыңғайлы кесте.

Толық ақпарат – сатулар бөлімінде.

Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Фото айналым Форум Пайдалы кеңестер Жетістік тарихы Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз