Тренажер залы

Қай тренажер залына барғыңыз келеді? Кеңістігі тарлығымен шектелмеген, бұлшық еттің кез-келген тобына бағдарланған сапалы да түрлі тренажерларға, жақсы желденетін бөлмелер мен кәсіби нұсқаушыларға барғыңыз келетін болар. Біздің клубта оның барлығы ескерілген. Rakhat Fitness клубының тренажер залы тамаша жабдықталған және сауатты түрде жоспарланған 400 ш. м алаңға ие.

Біздің залда MATRIX (JOHNSON HEALTH TICH co. ltd) маркалы тренажерлардың 200 ден астам атауы ұсынылған. Олардың әрбірі механика және спорт физиологиясы саласындағы патенттермен қорғалғандықтан, жаттығу барысында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге, жарақат алмауға мүмкіндік береді. Тренажерлер белгілі бір бұлшық ет топтарымен жұмыс істеуге ыңғайлы топтар бойынша орналастырылған және біріктірілген.

Кардио-аумақ кәсіби фитнес клубтың жоғары талаптарына жауап беретін жүгіру жолақтарымен, эллиптикалықи тренажерлармен, қазіргі велоэргометрлермен, JOHSON, MATRIX, SPORTS ART FITNESS, TECHNOGYM, LIFE FITNESS маркалы қырық бірліктен астам степперлермен жабдықталған.

Екркін салмақ аумағы бодибилдингті шынайы бағалаушыларды таң қалдыратын болады (гантельдер салмағын лақтыру 1 ден 60 кг. дейін).

Жабдықтарды сауатты іріктеу, нұсқаушылардың кәсібилігі, бұлардың барлығы клуб қонақтарының жаттығу процесіне жоғары түрде барын салуға және ләззат алуға мүмкіндік береді.

ТРЕНАЖЕР ЗАЛЫНДАҒЫ САБАҚТАРДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Тренажер залындағы сабақтар нағыз фитнестің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл әрқашанда сергек болумен бірге өз қалауың бойынша дене бітімін түзеп алудың тәсілдерінің бірі.

Спортпен шұғылданатын адамдар жақсы ұйықтайды, денсаулығы мықты болады, қысым көрмеген және артық мазасызданбайды. Оған қоса жаттығу жасау – күні бойы күш-қуат сақтаудың жақсы тәсілі.

Күш жаттығулары денсаулықты ғана жақсартып қоймай, сонымен бірге сіздің дене бітіміңіз икемді бола түседі және ағзадағы зат алмасуы жақсара түседі.

Тренажер залындағы сабақтардың анағұрлым артықшылығы стестің азаюы болып табылады. Дене жүктемесінің әсері салдарынан сізде «бақыт гормоны» — эндорфиндер бөлініп шығады. Соның арқасында біз эйфорияны, жеңілдік пен тыныштықты сезінеміз.

Кардиоаумақ жүрек-тамыр жүйесін жаттықтыру мен нығайтуға, жоғары қан қысымы мен жалпы дене төзімділігін дамытуға арналған.

Дербес іріктелген әдістеменің арқасында тренажер залында түрлі міндеттерді шешуге болады: қалай азуға, қалай бұлшық ет салмағын арттыруға, арқаны қатайтып және дене бітімін түзеуге.

ДЕРБЕС БАҒДАРЛАМАЛАР

Керек десеңіз ұлы спортшылардың артында да жеке жаттықтырушылар тұр. Олар өзінің қол астындағы бағыныстылардың денсаулығы туралы қамқорлық жасайды және оларды қажетті нәтижелерге қол жеткізу үшін бағыттайтын болады. Егер сіз үшін күнделікті жаттығуларға мән бергіңіздің келгені маңызды болса және нақты мақсатқа қол жеткізгіңіз келсе (мысалы, жүдеу, бұлшық ет өсіру, өз дене бітімін құрастыру, әдемі пішін және т. б.), дербес жаттықтырушыға назар аударыңыз.

Тренажер залының кәсіпқой жаттықтырушылары сіздің тұрақты көмекшіңіз болады, тренажерлерді пайдаланудың негізгі ережелерін жете түсіндіреді, жаттығуларды орындаудың қауіпсіз техникасына үйретеді, тамақтану бойынша кеңестер береді. Медициналық тестілеуден соң жаттығулардың жеке жоспарын құрастырады, оған тренажер залындағы күш тренингі ғана емес, сонымен қатар аэробты бағдарламалар, билер және жүзу де қосылады. Сіздің жаттықтырушыңыз қысқа уақыт аралығында алдыңызға қойған мақсаттарыңызға қол жеткізу қамқорлығын өз мойнына алады.

Өз ісінің шеберін таңдаңыз да денсаулық пен сұлулыққа деген өз жолыңызды бастаңыз!

Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз