Жүзу бассейні

Мүшелік түрі Келу уақыты Қолдану мерзімі 1 адамға теңгемен құны, соның ішінде ҚҚС Қысқаша Сипаты
1 «Бизнес» 7:00–23:00 30 күн, 12 келу 45 000
Жүзу 1 сеанс — 1 сағат 30 минут.
2 «Эконом» 7:00–18:00 30 күн, 12 келу 40 000
Жүзу 1 сеанс — 1 сағат 30 минут.
3 Бір реттік ересек 7:00–23:00 күні бойы 20 000 Бассейн — демалыс аумағы.
4 Бір реттік балалар
(0–15 жас)
7:00–23:00 күні бойы 10 000 Бассейн.

Rakhat Fitness спорт клубында Қазақстандағы ең үздік бассейндердің бірі орналасқан. Бізге келушілер 25 метрлік және олимпиадалық 50 метрлік бассейндерді таңдау мүмкіндігіне ие. Оның екеуі де кәсіпқой жаттығулармен бірге жеке жүзу сабақтарына арналған. Сондай-ақ бізде кішкентай балаларға арналған секциялар көзделген. Бассейндердің көлемімен қоса ондағы судың сапасы да даңққа бөленген, бассейн суы әрбір 4 сағатта 50 метрлік резервуарда, және 1,5 сағатта 25 метрлік резервуарда сүзгіштен өтеді. Бассейндер барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Бізде су спорты түрлерінен халықаралық және республикалық жарыстар өткізіледі. Бізде рекордтар жасалады!

ПЛЮС! Жазғы кезеңде біздің бассейн ашық аспан астындағы ең үлкен бассейн болып табылады. Мамыр айының басында күмбез алынады да таулардың әсем бейнесі көрінген демалыс аумағына айналады! Бассейнмен қатар шезлонгтар және орындықтары бар жазғы бар орналасқан. Демалыс күндері отбасылық демалыс пен таза ауада оңаша жүзу сабақтарын алудың тамаша мүмкіндігі ұсынылады.

СУДА ШҰҒЫЛДАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Суда шұғылдану денені сергек, ақыл-ойды тыныштықта ұстаудың анағұрлым әмбебап тәсілі. Ол барлық жастағы адамдар мен кез-келген дене күші мүмкіндіктеріне ие адамдарға арналған. Су бағдарламалары денсаулықты нығайтуға арналған ең мықты жүктеме түрлерінің бірі.

Суда жүзудің пайдасы, дене белсенділігі іспетті орасан зор болып келеді: олар адамға ләззат сыйлайды және сауықтыру тиімділігіне ықпал етеді. Бассейнге келіңіз, егер:

  1. Сіз өз салмағыңызды төмендеткіңіз немесе сақтағыңыз келсе. Суда шұғылдану кезінде артық калориялар тез жойылады, бассейнге барғанда 100 ден 500 к/кал-ға дейін жоғалтуға болады.
  2. Сізге жарақаттан соң қалпына келтіретін терапия қажет болғанда. Бассейндегі шұғылдану сабақтары дене белсенділігінің аяушылық түріне жатады. Сондықтан жүзуді бұлшық ет және омыртқа жарақатына тап болған адамдарға қалпына келтіру терапиясы ретінде қолдануға кеңес береді. Сіз суда болғанда ауырлық күші аудағыдай күшті әсер етпейді, салдарында бұлшық ет қалыпты жүктеме алады да, омыртқа демалуға мүмкіндік алады.
  3. Сіз жүзуге үйренуді қалағанда… ұзақ өмір сүру, өзін жақсы сезіну, көңіл күйді көтеру, жақсы ұйықтау, рухани жан дүниесін жақсарту және ылғи жақсы формада болу.

ТОПТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР

Судағы шұғылдану (су добы, аквааэробика, спорттық және синхронды жүзу) кестеге сәйкес жүргізіледі және бұлшық ет топтары бойынша берілген жүктеме аумақтары бойынша жүктемелердің дәрежесіне бөлінеді.

ДЕРБЕС ЖАТТЫҒУЛАР

Біздің клубта кеңінен тарағаны бассейндегі жеке жаттығулар болып табылады. Осында жүзуге үйрену, техниканы жақсарту, ең үздік спорттық және фитнес жаттықтырушылардың басшылығымен жүзудің түрлі стильдерін, сондай-ақ дәрігердің нұсқауымен ЕДШ жаттықтырушы маманмен шұғылдану мүмкін.

Су бағдарламасының барлық жаттықтырушылары көпбейінді даярлықтан өткен жоғары білікті мамандар болып табылады.

Сабақ басталар алдында жеке нұсқаунамадан өтуге кеңес береміз (экскурс), онда нұсқаушы сіздің дайындық деңгейіңізге сәйкес келетін бағдарламаны таңдауға кеңес береді және су аумағының жабдықтарымен таныстырады.

Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз