№1. Бассейн
Rakhat Fitness спорт клубы Қазақстандағы ең жақсы бассейндердің біріне ие. (Олимпиадалық бассейн) 50×21 м, сегіз жолдан тұрады; 25×21 м жеті жол және бір жолында фальш-түбі бар (ең төменгі тереңдігі 70 см.).
Жазда біздің бассейніміз ашық аспан астындағы қаланың ең үлкен су қоймасына айналады: мамырдың басында күмбез алынып, таудың көрінісі бар кең демалыс аймағы пайда болады. Бассейннің жанында шезлонгтар мен төбесі жабылған жазғы бар орналасқан.
№2. Орналасқан жері
Спорттық клуб қаланың орталығында. Ең жақын метро бекеті клубтан бес минуттық жерде орналасқан. Сондай-ақ Орталық стадион, Балуан Шолақ ат. Спорт сарайы, Қазақ мемлекеттің циркі, М. Әуезов ат. театры жақын.
№3. Көлемі
Жалпы көлемі – 12000 м² құрайды.
№4. Кесте
Алматыдағы топтық бағдарламалардың ең үлкен кестесі осында. Бізде олардың 46-ы бар, күштік жаттығулардан бастап, болашақ аналардың жаттығуларымен аяқталады, 19 балалар фитнес бағдарламалары мен 5 балалар су секциясы бар.
№5. Жаттықтырушылар құрамы
Біздің жаттықтырушыларымыз жоғары санатты, түрлі халықаралық чемпионаттардың жеңімпаздары мен чемпиондары, Олимпиадалық ойындарға қатысушылар. Олардың тәрбиеленушілері мәртебелі жарыстардың жеңімпаздары, мысалы, Олимпиада алтынын жеңіп алған Қазақстанның тұңғыш өкілі Дмитрий Баландин сияқты.Балалар үйірмесінің ашық сабақтары өткізіледі
Құрметті ата-аналар! 27–28.06.2025 ж. күндері «Rakhat Fitness» спорт клубында жүзу мен су добынан балалар үйірмесінің ашық сабақтары өткізіледі. толығырақ »
Джампинг
Джампинг — бұл шағын батуттарда өткізілетін фитнес жаттығуы. Бұл салмақты азайтуға, жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелерін нығайтуға бағытталған жоғары қарқынды жаттығу түрі. Жаттығу барысында музыка ырғағымен секіру, жүгіру, аяқ-қолмен сермеу және күштік элементтер орындалады. Бұл — өте қарқынды фитнес классы. толығырақ »