Жаңалықтар

Қараша 14, 2018
Дмитрий Мунды құттықтаймыз!Дмитрий Мунды құттықтаймыз!
Мәскеу қаласында Mioff фитнес-конвенциясы аясында өткен 2018 жылдың үздік фитнес-нұсқаушысына арналған IFO халықаралық байқауының финалында Mind&Body номинациясы бойынша қола жүлдеге ие болған біздің топ бағдарламаларының шебер-жаттықтырушысы Дмитрий Мунды құттықтаймыз! Алдағы уақытта кәсіби жеңістер тілейміз және жеткен жетістіктерімен тоқтамаңыз! толығырақ »

Қараша 7, 2018
«Рахат Фитнес» командасын құттықтаймыз!«Рахат Фитнес» командасын құттықтаймыз!
29 қазан мен 3 қараша аралығында Томск қаласында 2005 және 2006 жылы туған ойыншылардан тұратын «Рахат Фитнес» жасөспірімдер командасы Сергей Белов атындағы 48-ші дәстүрлі Кубокқа қатысты. Турнирге әр түрлі жастағы 58 команда қатысты. Команда өнер көрсеткен 2005 ж. т. жас категориясы бойынша Ресейдің әртүрлі қалаларынан он екі команда болды. Біздің балалар өз кіші тобында бірінші орын алып, өткен жылғы турнирдің жеңімпазы Красноярск командасын жеңіп, финалға шықты. Финалда олар басқа кіші топтың жеңімпазы — Мәскеу қаласының УОР — 4 командасымен кездесті. Мықты командалар арасындағы жарыс Мәскеу қ. командасының жеңісімен 76:65 есебімен аяқталды. «Рахат Фитнес» командасын Ресей Федерациясының ең беделді турнирлерінің бірінен алған күміс медалімен құттықтаймыз. Команда құрамы: 1. Марголин Данил — турнирдің үздік шабуылшысы болып танылды 2. Ермаков Александр — турнирдің ең бағалы ойыншысы деп танылды 3. Серікбай Ақан — турнир демеушісінің жүлдесі 4. Абилов Эмир 5. Золотухин Егор 6. Марголин Ярослав 7. Сиражи Дархан 8. Буру Буракалп 9. Дмитриев Егор 10. Ламлюм Адам 11. Сайлаухан Тимур Жаттықтырушы — Золотухин А. Н. толығырақ »

Қазан 12, 2018
Маршруттарыңызды алдын ала түзетулеріңізді сұраймыз!Маршруттарыңызды алдын ала түзетулеріңізді сұраймыз!
Құрметті клиенттер мен клуб қонақтар! Алматы қалалық жартылай марафонының өткізілуіне байланысты 14 қазанда қала жолдарының бір бөлігі жабылады. Абай даңғылы Саин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін 07:20-дан 12:00-ге дейін жабылады. Солтүстік жағы автокөлік үшін бос болады. Маршруттарыңызды алдын ала түзетулеріңізді сұраймыз! толығырақ »

Қазан 10, 2018
Құттықтаймыз!Құттықтаймыз!
Сенбі, 6 қазанда, Н. Сац ат. ТЮЗ-де бодибилдинг, фитнес, бодифитнес және бикиниден Алматы қ.15-ші ашық чемпионаты өтті. 27 маапат жиынтық сыйлық және 3 абсолюттік біріншілік ойнатылды. Rakhat Fitness СК екі спортшыны таныстырды: Лиманская Татьяна (алтын медаль) және Блонская Ирина («Велнес Бикини»категориясындағы тамаша дебют). Қыздар Гуренко Ольга жетекшілігімен жаттығады, олардың бірлескен жұмысы және құрған сахналық бейнесін төрешілер лайықты бағалады. Спортсмендерді және олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз! 29 қазан күні Ақтау қаласында өтетін ҚР чемпионатына сәттілік тілейміз! толығырақ »

Қазан 10, 2018
Құрметті клуб клиенттері!Құрметті клуб клиенттері!
Құрметті клуб клиенттері! Клубтың қабылдау бөлімінде сауалнамаға қатысуыңызды сұраймыз. Сауалнаманы толтыру сіздің 5 минуттан артық уақытыңызды алмайды. Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды және клуб ұсынатын қызметтердің түрлерін кеңейту туралы шешім қабылдауда анықтаушы болады. Біз сіздерге қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! толығырақ »

Қырқұйек 25, 2018
іздің кішкентай тәрбиеленушілерімізді құттықтаймыз!іздің кішкентай тәрбиеленушілерімізді құттықтаймыз!
Біздің кішкентай тәрбиеленушілерімізді көркем гимнастика бойынша Алматы облысының ашық чемпионатында алған қола медальдарымен құттықтаймыз. Гузева Мария, 2009 ж. т. – 3-ші орын Седова София, 2008 ж. т. – 3-ші орын Альмуханова Аяла, 2008 ж. т. – 3-ші орын Нурсултан Анель, 2007 ж. т. – 3-ші орын Болат Томирис, 2006 ж. т. – 3-ші орын Жаттықтырушы – Фадеева Карина толығырақ »

Қырқұйек 9, 2018
Құрметті клиенттер!Құрметті клиенттер!
Құрметті клиенттер! Сіздерге бүгін 9.09.2018 ж. жазғы алаң мен балалар бассейні осы жылдың соңғы күні жұмыс істейтінін хабарлаймыз. толығырақ »

Қырқұйек 4, 2018
Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен!Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен!
Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен! Rakhat Fitness сіздерге тұрақтылық пен өркендеуді және әрбір отбасына бақыт пен саулық тілейді! Сіздерге зор денсаулық, жақсылық пен табыс тілейміз! толығырақ »

Қырқұйек 3, 2018
Тек қыркүйекте Aquaflat бағдарламасы тегін!Тек қыркүйекте Aquaflat бағдарламасы тегін!
Тек қыркүйекте Aquaflat бағдарламасы тегін! Ұсыныс Клуб мүшелері үшін жарамды. Бағдарламаға қатысу алдын ала жазылу бойынша. Орындар саны шектеулі. толығырақ »

Тамыз 28, 2018
Құрметті «Rakhat Fitness» спорт клубының клиенттері мен қонақтары!Құрметті «Rakhat Fitness» спорт клубының клиенттері мен қонақтары!
Құрметті «Rakhat Fitness» спорт клубының клиенттері мен қонақтары! Клубтың ережелеріне сәйкес кешеннің аумағына тамақ пен сусындарды әкелуге рұқсат берілмейтіндігін естеріңізге саламыз. Осыған байланысты сіздерден Клубтың аумағына тамақ пен сусындарды әкелмеулеріңізді сұраймыз. Әкімшілік осы ереже талаптарын сақтамаған тұлғалардың клубтық картасының қолданысын тоқтатуға және/немесе Клуб аумағынан шығару құқығын өзіне қалдырады. Сіздерден демалыс кезінде басқалардың тыныштығы мен қауіпсіздігі туралы ұмытпауларыңызды сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет! толығырақ »

Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз