Желтоқсан 30, 2014
24 мен 28 желтоқсан аралығында «Су спорты түрлерінен Республикалық Орталық» АҚ базасында ерлер командалары арасында су добынан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті.
Турнирде Қазақстан Республикасының жастар құрама командасы, Астана қ., Қарағанды қ., Атырау қ. Құрама командалары, сондай-ақ Атырау МӨЗ командалары қатысты.
Жарыстардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының жастар құрама командасы кубокты жеңіп алды, ал Атырау қ. және Атырау МӨЗ командалары екінші және үшінші орындарды иеленді.
Жарысқа қатысушылар мен қонақтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз және 2015 жылда жаңа табыстарға жете беруге тілектеспіз!