“Real Results Training” жаңа бағдарламасының тұсаукесері

Жаңалықтар архиві »

Қантар 14, 2014

«Real Results Training»

Күш фитнесіндегі жаңа бағыт. Сабақтарда «RRT» функциональдік тренингіне арналған «Real Results Training» арнайы тренажері пайдаланылады.

Осы тренажердің артықшылығы өзінің жеке салмағымен жұмыс істеу болып табылады.

Бұл бағдарлама кез-келген даярлық деңгейіне бейімделген, сондықтан «Real Results training» тренажерінде жаттығу жұмыстарымен бастапқы дене дайындығын бастағандармен қоса жоғары дәрежелі спортшылар да бірдей тиімді шұғылдануы мүмкін.

Ерекше назар бұлшық еттер, сіңірлер мен буындар кешенін дамытуға аударылады.

Жаттығу кезінде барлық ағзаның түбегейлі жұмысы жүргізіледі:

- бұлшық еттің тонусы мен бедері жақсарады;

- функциональдңк мүмкіндіктер арта түседі;

- буындардың қозғалмалығы арта түседі;

- Жүрек-тамыр және тыныс алу жұмысын жақсартады.

Мынадай сапалары арта түседі:

- төзімділік

- күші

- жылдамдық қабілеті

- үйлестіру және тепе-теңдік.

Бағдарламаға жазылу клуб рецепциясы мен тренажер залында жүргізіледі.

Өткізілетін орын №3 зал, уақыты топтық бағдарламалар кестесінде келтірілген.

Кесте / Бағасы Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз