Көкшетау қаласындағы жүзу бойынша ашық Республикалық турнир

Жаңалықтар архиві »

Наурыз 5, 2014

21 – 22 ақпанда Кокшетау қаласында 2003 жылы туған және одан жас жастар арасында жүзу бойынша ашық Республикалық турнир болып өтті, онда бүкіл Қазақстаннан 21 ден астам команда қатысты.

Rakhat Fitness командасы өзінің жас құрамымен шықты. Біздің көптеген спортшылар осындай жарыстарға бірінші рет қатысты!

Сәтті өнер көрсеткендерді құттықтаймыз!

Римханұлы Елмұрат (2003 ж. т.) – 100 м қашықтық бойынша күшті қатысушы, ол 3 алтын медаль, және 50 м қашықтық бойынша 2 күміс медаль жеңіп алды.

Ли Анастасия (2004 ж. т.) 2003 жылы туған қыздар арасында 50 м қашықтыққа жарысу барысында алтын медаль жеңіп алды, сондықтан ол турнирдің жаңа рекорды болып табылады! На дистанции 100м. қашықтыққа брасс тәсілімен жүзуде Анастасия үшінші орынды иеленді!

4х50м. еркін жүзу эстафетасында қыздар 3 орынды иеленді. Ұлдар арасындағы үш эстафета барысында 21 ден астам команда қатысты, біздің құрам 6 орынды иеленді.

Команда жаттықтырушысы Ермакова Т. С. команданың көрсеткен шеберлігін тиімді деп санайды, бұдан әрі одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деп сенеді.

Балалар кімге теңесуді біледі, себебі олармен бірге «Rakhat Fitness» СК-ң құрама командасы жаттығуда, олар жүзу бойынша ҚР Жастар құрама командасының және ОДО-ң құрамына енеді.

Кесте / Бағасы Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз