Қазан 28, 2016
30 қазаннан бастап 1 қарашаға дейін «Rakhat Fitness» СК 2004 ж. т. және одан жас қыздар арасында Қазақстан Республикасының су добынан чемпионатының V туры өтеді.
Ойындар кестесі:
30 қазан – 10:00 бастап 11:00 дейін;
31 қазан, 1 қараша – 11:00 бастап 12:00 дейін;
Жарыстар 25 метрлік бассейнде өтеді.
Су спортының түрлерін ұнататындардың бәрін спортшы қыздарымызға қолдау көрсетуге шақырамыз!
Көрермендер мен қызығушылық білдірген тұлғалар үшін кіру – еркін.