"Rakhat fitness" СК тәрбиеленушілерін Минскідегі жүзу жарыстарында табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!

Жаңалықтар архиві »

Қантар 7, 2017

Белорусь астанасы – Минск қаласында екі мәрте олипиадалық чемпион С. В. Копляковтың жүлдесіне жүзуден турнир өтті. 20 және 22 желтоқсанда өткен бұл жарыстарға "Rakhat Fitness” спорт клубының тәрбиеленушілері де қатысты. Балалар өте лайықты өнер көрсетті.

Ирина Архипова еркін стильмен 100 м. қашықтықта жеңімпаз болды және дәл осы қашықтықта Олимпиадалық ойындар чемпионы болған С. В. Копляковтан жүлде алды.

Сондай-ақ Анастасия Резванцева, Қорлан Әмірханова, Рахымжан Ағыбаев, Дмитрий Куликов жеңімпаздар және жүлдегерлер болды. Анастасия Резванцева бірінші болып арқамен жүзуден 100 және 200 м. қашықтықта ҚР спорт шебері нормативін орындады.

Біз балалар мен олардың жаттықтырушылары Татьяна Сергеевна Ермакованы тамаша өнер көрсеткендерімен құттықтаймыз да денсаулық және бұдан әрі де спорттық жеңістерге жетулеріне тілектеспіз!

Кесте / Бағасы Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз