Біз туралы

Спортпен шұғылдануға біздің әрқайсысымыз әртүрлі жолмен және әртүрлі уақытта келеміз. Әлдебіреу дене бітімін өзі армандағандай түзеп алғысы келсе, өзгелер әрқашан өзін шымыр сезініп, тұла бойының қуатқа толы болғанын сезінгісі келеді, әлдебіреу спорт залына икемді, белсенді болуға деген ұмтылыс, салауатты өмір салтына деген құлшыныс арқылы келеді. Бірақ біз бәріміз бір нәәрсені іздейміз, ол – клуб, ондағы сабақтар барынша ыңғайлы және нәтижелі болып келеді.

Rakhat Fitness – өмірге деген үлкен спорттық қызығушылық сезімін сезінетіндерге арналған клуб. Біздің ұранымыз: «Ләззатқа толы Спорт!»

Тұрақты түрде клубқа келу дені сау болуға, әдемі болуға және ықшамды болуға, түзу дене бітімі мен жақсы көңіл күйге ие болуға, түрлі жүйке күйзелістері мен қазіргі қаланың ширыққан ырғағын жеңіл көтеруге көмектеседі.

Біз сіздің спортпен шұғылдану сабақтарыңызды нәтижелі және қауіпсіз жасауға көмектесеміз! Клубта қысқа мерзім аралығында тамаша нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық мүмкіндіктер көзделген:

  • қазіргі кәсіби спорттық жабдықтар,
  • көп жылдық жаттықтырушылық жұмыс тәжірибесіне ие білікті қызметкерлер,
  • сіздің сабақтарыңызға арналған 12 000 ш. м артық алаң,
  • жеткілікті уақыт – біз күн сайын сағат 7.00 ден 23.00 ке дейін жұмыс істейміз.

Ерекше спорттық жабдықтар, дамыған инфрақұрылым, көрсетілетін қызметтердің ауқымды тізбесі, үздік жаттықтырушылар құрамы – сіздің спорт сабақтарының ауанына тереңдеп енуіңізге кепілдік береді. Сізге күн сайын ұсынылады:

  • 2 бассейн: 50-метрлік олимпиадалық бассейн және 25-метрлік бассейн әрбірі 8 жолақтан;
  • тамаша жабдықталған тренажер залы;
  • йога-пилатеспен шұғылдануға арналған студия;
  • балалардың ойын бөлмесі;
  • фин саунасы;
  • тік және көлденең солярии;
  • ойын залы;
  • аэробика және бимен шұғылдану залы;
  • спорттық медицина кабинеттері.

Топтық бағдарламалардың кестесі кез-келген қолы тимейтін адамдарға жаттығулардың ыңғайлы кестесін құрастыруға мүмкіндік береді. Біз өз клубымызда кәсіби спортшылар мен әуесқойлардың шұғылдануы үшін үздік жағдайлар жасауға тырысамыз. Бізді жаттығу алаңы ретінде су спорты түрлерінен Ұлттық құрама командалар таңдаған. Олар мұнда халықаралық жарыстарға дайындалады. Бұл деген сөз біз олардың жоғары талаптарына жауап бере аламыз. Сіз де біздің тұрақты келушіміз бола отырып, Rakhat Fitness клубының мүмкіндіктерін лайықты бағалайтындықтарыңызға сенеміз.

Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз