Топтық бағдарламалар


БАСТАП ТОПТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ КЕСТЕСІБастап топтық бағдарламалардың кестесі
ТОПТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫТОПТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Мүшелік түрі Келу уақыты Қолдану мерзімі 1 адамға теңгемен құны, соның ішінде ҚҚС Қысқаша Сипаты
1 Топтық бағдарламалар 7:00–16:00 30 күн, 12 келу 40 000 Топтық бағдарламаларға келу. 1 сағат 30 мин.
2 Топтық бағдарламалар 7:00–16:00 30 күн, 8 келу 34 000 Топтық бағдарламаларға келу. 1 сағат 30 мин.

Қазіргі қоғамдағы соңғы онжылдықта түрлі қозғалыс белсенділігіне арналған уақыттың артуына деген нақты бағыт байқалуда.

Фитнес термині (fitness) деп ағылшын әдебиетінде бес компоненттен тұратын ұғымды түсінуге болады:

Кардиореспираторлық фитнес, дене жүктемелері кезінде ағзаны оттегімен қамтамасыз ететін жүрек-тамыр жүйесінің қабілеті.

Бұлшық ет күші.

Бұлшық ет төзімділігі.

Кең диапазонды ауырмайтын, еркін физиологиялық қозғалыстарды жүзеге асыратын буындардың қабілетін қарастыратын икемділік.

Дене композициясы, яғни май тіндерінің, су және сүйек-бұлшық ет массасының пайыздық құрамы.

Салауатты өмір салтымен өмір сүретін адамдар фитнестің барлық төрт компонентін дамытудың жоғары деңгейіне ие деп ойлаймыз, яғни біз осы нақты спорттың бір түріне арналған арнайы бір ғана сапаны арттыру емес, сондай-ақ тұтынушының дене бітімін жарасымды дамытуға тырысу деп айтамыз.

Қазірде, белсенді өмірлік көзқарасқа ие болу өте маңызды екенін түсіне отырып, өз денсаулығы, өз балаларының денсаулығы үшін жауапты болу, жетістікке жету жолында табандылық пен қиындықтарға қарсы тұра білу.

Өз денсаулығын күту, дұрыс тамақтану және тәнін спорттық формада ұстау барлық адамдар үшін қашан да маңызды. Егер сіз өзіңізге жеткілікті түрде назар аударғыңыз келсе және осы мақсатпен фитнес клубқа келсеңіз, таңдауыңызбен тренажер залында ғана тоқтап қалмай, топтық бағдарламалармен де өз өміріңізді түрлендіріңіз. Біздің кестеміз сабақтарды қызығушылықтар бойынша көруге және іріктеуге мүмкіндік береді. Топтағы сабақтар тәртіптілікті арттырады, мотивтендіреді және шабыт сыйлайды, командадағы жұмыс сергек те жеңіл өтеді. Сізде қашанда өз дене дайындығыңыз бен жүктемелердің қарқындылығы бойынша бағдарлама даярлаудың мүмкіндігі бар.

Фитнес, дене белсенділігінің кез-келген түрі ретінде денсаулықты нығайтуға бағытталған. Бірақ егер тамақтану нормасы сақталмайтын болса, онда спорт сияқты жағымды бастама да зиянды болуы мүмкін.

Тамақтану ағзаны қажетті қуат және қоректік заттармен қамтамасыз ету функциясын орындайды. Теңгерімді тамақтану теориясы тағам тұтынуда ақұлпалардың, майлардың, көмірсулардың, дәрумендер мен минералдардың белгілі бір мөлшерінің тағаммен бірге қажетті зат алмасу деңгейін қамтамасыз ету барысын қарастырады.

Тиімді тамақтануды ұйымдастыру барысында белгілі бір ұстанымдарды ескеру қажет:

жасына, жынысына, дене жүктемелерінің сипаты мен қарқындылығына байланысты тәулік бойы жұмсайтын қуатының қуат құндылығына сәйкестігі; негізгі тағам өнімдері бойынша рацион теңгерімділігі; жаттығудың нақты міндеттері мен бағыттылығына байланысты рациондардың түрлі бағыттылығын қамтамасыз ететін (ақуызды, көмірсулы, акуызды-көмірсулы) лайықты тағам түрлерін таңдау (өнімдер, тағамдық заттар және олардың қоспасы); жаттығу тәртібі және сипатымен нақты келіскен рациондарды бөлу тамақтану тәртібі; су ішу тәртібін сақтау.

Дегенмен дене белсенділігінің мүмкіндігі, қарқындылығы және ұзақтығы мәселесі әрбір жағдайда дербес түрде шешімін табады.

Біздің фитнес-клубтың дәрігерлері негізгі үш бағыттан тұратын спорттық тестілеу жүргізеді:

Тұтынушының фитнес-бейінін құрастыру.

Дене жұмысына қабілеттілігі мен ағзаның кардиореспираторлық төзімділігін анықтау үшін жүктеме тестілерін жүргізу (май массасының бұлшық ет массасына деген ара қатынасы), икемділік, күш көрсеткіштерін өлшеу, тамыр соғысы аумағында нұсқау берілген тамыр соғысының шегін анықтау.
Жаттығулардың қауіпсіз деңгейін анықтау.
Спорттық тестілеу негізінде топтық бағдарламалармен шұғылдану барысында тұтынушының қолжетімді дене даярлығы деңгейі, бассейнге келу бойынша нұсқаулықтар анықталады.
Анағұрлым тиімділігі мақсатында жаттығу процесінің стратегиясын анықтау.

Спорттық тестілеу нәтижелері шұғылдануға деген жеке нұсқаулықтар құрастыру үшін дәрігерге көмектеседі. Құзыретті бағыттар арқылы жұмсалатын тиімділікті сіз жылдам сезінесіз.

Дегенмен, кейбір аурумен науқастанғандарға спортпен шұғылдануға нұсқау берілмейді. Дене жаттығулары ағзаға пайда әкелуі тиіс, сондықтан егер сіздерде мына көріністер байқалған болса, дене жаттығуларынан тартынған абзал:

Бас миының органикалық бұзылыстары, соның ішінде қояншық салдарынан психикалық бұзылыстар;
Бас миы мен сопақша ми жарақтатары мен одан кейінгі асқынулар;
декомпенсация сатысындағы туа және жүре пайда болған жүрек ақаулары;
декомпенсация сатысындағы эндокринологиялық аурулар;
онкологиялық аурулар; асқыну сатысындағы аурулар және т. б.

Сізде тіпті спортпен шұғылдануға деген шектеулер мен қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, әрбір жағдай дербес болып табылады, және көп жағдайда сіздің денсаулыққа деген ұмтылысыңызға байланысты болып келеді. Ең бастысы, спорт ләззат сыйлауы тиіс!

Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз