Жеңімпаздар шеберханасы

Rakhat Fitness спорт клубы базасында жұмыс істейтін жүзу кешенінің тарихы, кеңес кезінде басталды және жарты ғасырдан астам уақыт бойы жалғасып келеді.

1967 жылы ҚазССР Министрлер Советінің Дене шынықтыру және спорт Комитетінің Сорттық құрылыстар басқармасы арқылы Орталық жүзу бассейні (ОЖБ) құрылған болатын. Ол жедел түрде советтік республиканың құрама командаларының жүзу бойынша, суға секіру, су добы, тсу асты жүзуі, бессайыс бойынша дайындалуы үшін негізгі және алғашқы базасы болып табылды. Бұл кешеннің баламасы бүкіл республика бойында болған жоқ. Оның құрамында:

  • қысқы бассейн 25×14 м, 6 жолақтан тұратын, суға секіруге арналған 10-метрлік мұнара;
  • ашық бассейн 50×21 м, 8 жолақтан тұрады;
  • жүзуге үйретуге арналған балалар бассейні 3,5×20 м;
  • жазғы секіру ваннасы 20×20;
  • қыздырма залы;
  • ашық ойын алаңы.

ОЖБ-де халықаралық, бүкілодақтық, республикалық жарыстар, сондай-ақ жыл сайын Совет Армиясы мен Әскери-теңіз флоты күніне арналған жарыстар өткізілді. Осында жаттыққан спортшылардың жетістіктері ОЖБ сияқты танымал болғандығы соншалық, көптеген адамдар осы күнге дейін Rakhat Fitness клубын әлі күнге дейін Орталық жүзу бассейні деп атайды.

Бүгінгі таңда ОЖБ әлемдік стандарттардың барлық талаптарына жауап беретін қазіргі заманғы спорттық құрылысқа айналды. Спорт кешені жаңа технологиялардың көмегімен толықтай жаңартылды және қажетті материалдық базамен жарақтанды. Осы өзгерістердің арқасында Rakhat Fitness клубы Ұлттық құрама командалардың су спорты түрлері бойынша және ірі халықаралық жарыстарды өзінде қабылдау үшін жабдықталған жаттығулар кеңістігі ішіндегі мүмкіндіктерге ие.

Жеңімпаздар шеберханасы чемпиондар өсіру ісін жалғастырып келеді!


Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз