Жаттықтырушылар командасы – спорттық нәтижелерге қол жеткізу жолында жетістікке жетудің маңызды құранды бөліктерінің бірі. Егер сіз рекордтар қоюды алдыңызға мақсат етіп қоймасаңыз да, және спортклубқа өзіңіздің жалпы сергек күйіңізді сақтау үшін келсеңіз де, нұсқаушылардың тәжірибелі құрамы сіздің мақсатыңызға оңай қол жеткізуге деген сеніміңізді арттырумен бірге оны нығайта түседі.
Rakhat Fitnessтің кәсіби жаттықтырушылары мен нұсқаушылары сізге құзыретті консультациялар беруге, сауатты кеңестер айтуға, сіз үшін дербес бағдарламалар әзірлеуге, өзіңіз күткен нәтижеге қол жеткізуге арналған бағытты сілтеуге, сіздің үлкен жетістіктерге деген ұмтылысыңызға қолдау көрсетуге әзір. Біз үшін сіздің клубта болған кезіңіздің өзіңіз үшін ыңғайлы, ал өткізген уақытыңыз тиімді болғаны маңызды.
Біздің команда фитнес-индустрия саласындағы соңғы өзгерістерге жауап беретін жаңа бағыттарды аша отырып, тұрақты түрде бағдарламалар желісін кеңейтуде. Авторлық әдістемелер және әзірлемелер біздің клубымызда белсенді түрде қолданылып келеді – бізге спортпен шұғылдануға шығармашылықтың үлесін қосқан ұнайды, себебі олар ең алдымен бізге келушілерге ләззат пен қуаныш сыйлауы тиіс.
Rakhat Fitnessтің нұсқаушылар құрамын олардың көпшілігі үшін өмір салтына айналған өз жұмысына деген терең қызығушылық арқылы бас қосқан. Біздің жоғары дәрежелі жаттықтырушыларымыз спорттың әр түрі бойынша ҚР-ң жүлдегерлері мен жеңімпаздарының бірнеше буын ұрпақтарын тәрбиелеген.
Келіңіздер, біз сізбен бірге спорттық жетістіктеріңіздің картасын жасаймыз!
Су топтарының бағдарламалары бойынша шебер жаттықтырушы, су добынан жоғары санатты жаттықтырушы, су добынан ҚР спорт шеберіне үміткер, су добынан ҚР чемпионы, су добынан әлем чемпионатына қатысушысы.
Су добынан жаттықтырушы, су добынан ҚР спорт шебері, су добынан ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Кувейт, 1997 ж.), су добынан жастар арасындағы әлем чемпионатының қатысушысы (Куба, 1997 ж.).
Су добынан жаттықтырушы, су добынан ҚР спорт шебері, су добынан ҚР бес дүркін чемпионы, су добынан республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері және жеңімпазы.
Жүзуден және су добынан жаттықтырушы, су добынан жоғары санатты жаттықтырушы, су добынан КСРО спорт шебері.
Су добынан жаттықтырушы, су добынан ҚР спорт шебері, су добынан ҚР үш дүркін чемпионы, Су добынан ҚР Кубогының екі дүркін иегері, су добынан Ресей чемпионатының қола жүлдегері.
Жүзу бойынша жаттықтырушы, су добынан ҚР спорт шебері, жүзу бойынша спорт шеберіне үміткер, су добынан ҚР Чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері және қатысушысы.
Жүзуден жаттықтырушы, топтық су бағдарламаларының шебер-жаттықтырушысы, суға секіруден ҚР спорт шебері. Суға секіруден ҚР чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері, суға секіруден Грекия және Норвегия ашық чемпионаттарының чемпионы.
Жүзуден жаттықтырушы, жүзуден ҚР спорт шебері, жүзуден ҚР чемпионаттары мен кубоктарының бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері. Ескекаяқпен жылдам жүзу бойынша спорт шебері. Балалар мен ересектерге жүзуді үйретеді. OCEANMAN ашық судағы жүзу жарыстарына дайындайды.
Жүзу бойынша жаттықтырушы, жүзуден 1-санатты жаттықтырушы, су добынан ҚР спорт шеберіне үміткер.
Жүзу бойынша жаттықтырушы, жүзуден жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, жүзу бойынша ҚР жоғары санатты ұлттық төреші, жүзуден КСРО спорт шебері.
Жүзу бойынша жаттықтырушы, жүзуден жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, жүзу бойынша ҚР жоғары санатты ұлттық төреші, жүзуден КСРО спорт шебері.
Жүзу бойынша жоғары санатты жаттықтырушы, жүзуден КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Жүзуден жаттықтырушы, су добынан КСРО спорт шебері.
Жүзу бойынша сертификатталған бапкер, қалалық және республикалық жарыстарға қатысушы және жеңімпаз. Балалар мен ересектерге жүзуді үйретеді.
Жүзу және су добы бойынша жаттықтырушы, Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2003 жылғы әлем чемпионатының қатысушысы (Испания); 2007 (Австралия); 2009 (Италия); 2003 ж. — Ресей чемпионатының күміс жүлдегері; 2004 ж. Олимпиада ойындарының қатысушысы (Греция); 2001- 2007 жж. Қазақстан Республикасының чемпионы; 2009, 2012 жж. маусымдарда «Югра» командасы құрамында Ресей чемпионатының күміс жүлдегері; «Anog» командасының құрамындағы Греция чемпионы; 2010 ж. Азия ойындарының күміс жүлдегері (Гуанчжоу қ., Қытай); 2013 ж. Азия чемпионатының күміс жүлдегері; 2014 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері (Корея).
Топтық бағдарламалар жаттықтырушысы, хатха-йога және интегралдық йога шебері.
Би бағыттары бойынша топтық бағдарламалар нұсқаушысы: Аргентиналық танго, еуропалық және латынамерикалық Ballroomdance (Standard&Latin), ClubLatin (Bachata), ProAm. Бал билерінен ҚР спорт шеберіне үміткер. Бал билерінен республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
Топтық бағдарламалар нұсқаушысы, йога бойынша сертификатталған нұсқаушы. Қазақстандағы бірінші йога конвенциясының қатысушысы.
Топтық, су және балалар фитнес бағдарламаларының шебері-жаттықтырушы, фитнестің күштік ағыттары бойынша сертификатталған шебер-жаттықтырушы.
Топтық бағдарламалар нұсқаушысы, велоспорттан ҚР спорт шебері.
Би бағыттары бойынша топтық бағдарламалардың нұсқаушысы: Latina mix, strip plastic, club dance, шығыс, заманауи билер, классикалық би. 15 жылдық тәжірибесі бар қоюшы-хореограф.
Топтық және би бағдарламаларының нұсқаушысы, халық би ансамблінің әртісі, PasoDeLasePalabras фламенко фестивалінің қатысушысы, Dancelady байқауының «Соло» номинациясының жеңімпазы, «Күншуақ» конкурсының лауреаты.
Топтық бағдарламалардың үйлестірушісі, топтық бағдарламалардың шебер жаттықтырушысы, сертификатталған хатха-йога нұсқаушысы.
Би және балалар фитнес бағдарламаларының нұсқаушысы, ZUMBA ZIN нұсқаушысы. Халықаралық дәрежедегі сертификатталған ZUMBA фитнес нұсқаушысы (В1, В2, AquaZumba, ZumbaGold, Zumbakids, Proskillsсанаттары), бал және заманауи би бойынша жаттықтырушы, бал билері бойынша халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін чемпионы (Мәскеу/ РФ, Дубай/БАӘ, Вена/Австрия және т. б.), ISLANDTOUCHDANCE ACADEMY- Халықаралық би Академиясының аймақтық бөлімшесінің директоры, жыл сайынғы Азиялық би байқауларының төрешісі, Almaty latin show festival, Carnaval dobrazil, FOURE Халықаралық фестивалінің ұйымдастырушысы.
Әртістік (синхронды) жүзуден жаттықтырушы. Синхронды жүзуден спорт шебері, ҚР 5 дүркін чемпионы және халықаралық турнирлердің қола жүлдегері.
Спорттық бал биінен ҚР чемпионы. Спорттық бал биінен спорт шеберіне үміткер. Спорттық бал биі, әлеуметтік латина, аргентиналық танго бойынша жаттықтырушы.
Көркем гимнастика мен хореография бапкері. Көркем гимнастикадан қалалық және республикалық турнирлер жүлдегері. А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін үздік бітірген. Абай атындағы ҚазҰТОБ театрында тағылымдамадан өткен. «Астана балет» театрында жұмыс істеген.
Волейболдан спорт шеберіне үміткер. Волейболдан жоғары лига чемпионы. Азия ойындарына қатысушы. Евразиялық жарыстардың жүлдегері. «Шымкент» ВК қазіргі спортшысы. Спорттық өтілі 14 жыл. World Class (Fitness IQ) сертификатталған фитнес жаттықтырушы. PNF stretching сертификаты. Myofascial release сертификаты. Stretching, functional топтық бағдарламалар жаттықтырушысы.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Жоғары санатты жаттықтырушы. Халықаралық санаттағы судья. Қара белбеу, 6 дан (Шотокан карате). Қара белбеу, 5 дан (Мейбукан Годзю-рю карате).
Су және топтық бағдарламалар жаттықтырушысы. Жүзуден спорт шеберіне үміткер. Аквааэробика, жүзу, балалар аква-фитнесі және топтық бағдарламалардан сертифицикатталған нұсқаушы.
Топтық және жеке бағдарламалардың жаттықтырушысы. Қозғалыс жөніндегі маман. Polestar pilates, TRX, Bosu university, Ресейдің Фитнес аэробика Федерациясы, Мәскеу фитнес академиясы, Zumba және Strong Nation және т. б. сертификатталған жаттықтырушысы.
Би бағыттары бойынша топтық бағдарламалардың нұсқаушысы: K-pop dance, Hip-hop dance. Республикалық мемлекеттік академиялық Корей музыкалық комедия театрының балет әртісі.
Жаттығу залының дербес жаттықтырушысы. Спортшылар мен чемпиондарды бодибилдинг, пауэрлифтинг бойынша түрлі жарыстарға дайындаумен айналысады. Еңбек өтілі — 30 жылдан астам. Салмақты түзетуге арналған авторлық жеке бағдарламаларды үйретеді.
Фитнес жаттықтырушысы, бойынша маман функционалдық және күштілік тренинг, денені түзету және спорттық массаж бойынша маман, таэквондодан 1-ші Дан иесі.
Функционалдық жаттықтырушы және кроссфит бойынша маман, бокстан ҚР спорт шеберіне үміткер. Еңбек өтілі-20 жыл. Функционалдық тренинг бойынша авторлық әдіспен кроссфит элементтері бар жаттығулар жүргізеді.
Жаттығу залының дербес жаттықтырушысы, бодибилдингтен спорт шеберіне үміткер, тай боксынан Ресей спорт шеберіне үміткер, қоян-қолтық күрестен Ресей шебер-нұсқаушысы, тай боксынан Ресей жоғары санатты жаттықтырушы. Бұлшықет массасын арттыру бойынша күштік бағдарламаларын және тай боксын үйретеді.
Жаттығу залының үйлестірушісі, жаттығу залының дербес жаттықтырушысы, фитнес бойынша ҚР спорт шебері, фитнес бойынша 2002 жылғы ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, 2002 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері, 2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — бодибилдинг және фитнес бойынша ҚР құрамасының жаттықтырушысы. Алматы қ. пауэрлифтинг, фитнес және бодибилдинг федерациясының хатшысы. Салмақты түзету бойынша авторлық бағдарламаларды, ТҚА аурулары бар адамдарға емдеу-сауықтыру кешендерін, жеке стрейчинг бағдарламаларын жүргізеді.