Тән мен жанның жарасымы

Все истории »

Константинова Зоя

после до

Сәбидің өмірге келуі – әрбір әйелдің өміріндегі ең тамаша қызықты «бастан кешкен» сәттері болып табылады. Жүктіліктің бастапқы 9 айы күтумен өтсе, одан кейін эмоциялық жарылыс болады да, айтып болмастай бақытқа кенелесің. Үйреншікті өмір өзгеріске ұшырап, мінезің де жұмсара түскендей болады. Сен бәрін де ұмытып, өзіңді тұтастай өмірдің ғажап бір кезеңі – аналыққа арнайсың!

Бір жыл 3 айдан кейін декреттік демалыстан қайта жұмысқа шыққан мен өзімнің ұжымымды көргеніме қуанышты болдым. Бәрі де жақсы еді, дегенмен бір «бірақ» деген болды

Жүктілікке дейін менің салмағым тұрақты еді. Бойымның ұзындығы 173 см болғанда салмағым 60 кг болды. Менің сөздік қорымда «диета» деген ешуақытта болған жоқ. «Бақыт деген осы болар!» – деп ойладым мен, жолым болды!

Перзентханаға 86 кг салмақпен түстім. Иә, иә бұл қате емес. Ең қорқыныштысы мен қалай толып алғанымды байқамаппын. Бар тамақты жей берсең, өзіңе ешқандай тыйым салмасаң, не күтуге болар еді. «Түк те емес, босанып алған соң, артық салмағымды қуып алармын» деп ойладым.

Дегенмен бір жыл өткен соң да менің салмағым сол күйінде қалды. Кең көйлек киген жас ана болып жүрдім. Тыныс алуым қиындап, өз дене өзімнің көңілім толмай қойды. Мен ойлана бастадым, сөйтіп уақтысында іске кірістім.

Алдымен, мен сол баяғы диеталарды сынап көрдім! Қазіргі диеталар тұрақты түрде аш отыру мен жүйкеге салмақ салатын қатаң түрде шектеулерге негізделеді. Сіз жүдейтініңіз сөзсіз, бірақ салдары сіз қалағандай бола қоймайды екен.

Екі айдың ішінде 10 кг салмақ тез кете қалды. Мен оны диетамен емес белсенді өмір салтының салдарынан деп ұқтым. Мен бос уақытымда диванда отырмадым, баламен көп уақыт өткізуге тырыстым. Салмақ кетті, мен жүдей бастадым, тыныс алуым, қимыл-қозғалысым жеңілдеді.

Бірақ 76 кг да маған ұнай қойған жоқ, диеталардан кейін де денем бір керемет бола қойған жоқ еді. Ішім салбырап, қол-аяғым босаңсып тұратын. Алдымен ренжідім. Бәрібір күткен нәтижеге қол жеткізе қоймадым.

Мен өзім жұмыс істейтін спорт клубындағы сабақтарға баруға шешім қабылдадым. Мен ешқашан спортшы болған емеспін, оқушы, студент кездерімде аздап шұғылданғаным бар еді. Алдымен жалқаулыққа бой алдырдым, жаттығу процесіне ілесіп кете алмадым. Бірақ мендегі ерік күші мені алға қарай сүйреді. Мен түскі үзіліс кездерінде топтық бағдарламаларға қатыстым, тренажер залына барып жүрдім, дұрыс тамақтану ережесін ұстануға тырыстым. Осылай бір жыл өтті.

Уақыт өткенде мен таразыда 65 кг деген жазуды көргенде өз көзіме сенбедім! «Міне, керемет!» – деп ойладым мен. Кейбір нюанстар қалды, бірақ ол аса байқала қоймайтын.

Екінші жүктілікке байланысты жаттығулар мен тамақтануды қоя тұруға тура келді. Дәрігерлер артық дене жүктемелеріне тыйым салды және өзім де тамақ ішкенді ұнататынмын.

Нәтижесінде перзентханаға екінші рет келгенде салмағым және 81 ге жетті. Не деуге болады? Бірақ өзімнің алғашқы тәжірибемді ескере отырып және көп күш салудың арқасында үй жағдайында 5 кг салмақ тастадым.

Декреттен екінші рет шыға салып, тренажер залына аттандым!

Мен 65 кг салмағымды қайтаруым тиіс екендігін түсіне білдім. Алғашқыдай қорқыныш болған жоқ, әрине.

Мен екі жыл бойы тренажер залында шұғылдандым, өзбетіммен дұрыс тамақтануды ұстандым, кейде әрине сәттіліктер ауысып отырды, дегенмен тырысып бақтым.

Менің салмағым 66 кг көрсеткішінде қалды. Килограмм жинап алу оңай, ал салмақ тастау өте қиын. Ішім, қол-аяғым жаман көрінбейді, бірақ мен одан жақсы нәтижелерге қол жеткізім келді. Қалай тырыссам да ештеңе шықпады.

Нәтижені байқамаған соң, мен спорт формасы бар рюкзагымды үстел астына қоя салдым және бұдан әрі жетістікке жету мүмкін емес деп ойладым. Бір жарым жыл бойы мен кейде спорт залына барып жүрдім, бірақ құлшыныс бұрынғыдай емес еді.

Біржарым жылдан кейін мен тренажер залының нұсқаушыларына ақыл-кеңес сұрап бардым. Дегенмен өзім армандаған нәтижеге қол жеткізгім келді. Нұсқаушы мен үшін бұлшық еттің барлық тобына арналған бағдарламаны, бір сөзбен айтқанда жаттығулар кешені мен тамақтану жүйесін әзірледі.

Ғажайып жүзеге асты! Таразы 63 кг көрсетті және бұл ғана емес. Денем мен қажет деген тұстың бәрінде тартыла түсті, әдемі бедерге ие болды. Мен ризамын дегенім аз болар, мен бақыттымын!

Александраға, менің жаттықтырушыма, тәлімгеріме және досыма рахмет айтамын. Ол маған арманымды жүзеге асыруға көмектесті!

Кесте / Бағасы Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз