Тәжірибе мен жетістіктер!

Все истории »

Насонов Тимофей

после до

Дені сау тамақтану және кешенде белсенді өмір салтын жүргізудің жағымды нәтижелеріне орай аз уақыттың ішінде көп нәтижелерге қол жеткізу тәжірибеммен бөліскім келеді!

Сонымен бәрі де 2013 жылғы жазда басталды, паршютпен секіргім келгендіктен, өз қалауымды білдірген кезде маған қойылған шарттың бірі – «салмағыңыз 90 килограмнан аспауы тиіс» болды. Менің түсінгенім 96 кг салмағыммен (бойымның ұзындығы 184см) аспан әлеміне мен үшін шектеу қойылғаны белгілі болды. Артық салмақтан арылу үшін жедел түрде мен «Rakhat Fitness» спорт клубының кардио және күш бағдарламалары бойынша менеджеріне, жеке шебер жаттықтырушы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Татьяна Волковаға жолықтым. Оның фитнес индустриясы саласындағы орасан зор тәжірибесін ескере отырып, оның кеңестері мен үшін құнды болатындығына күман келтірмедім.

Мен ертеректе де Спорт клубына келгенмін, бірақ бәрібір артық салмақтан арыла қойған жоқ едім, маған алдымен дұрыс және дені сау тамақтанудан тұратын белгілі бір рацион және қос гантель мен шұғылдануға деген қалау болса, үй жағдайында орындауға болатындай жаттығулар кешені берілді, мен бір-бірте артық салмағымды жоғалта бастағанымды байқадым.

Осындай тамақтану туралы айта отырып, дәмді және тәтті тағамдардан (тәттіден, майлыдан, қуырылған, тұздалған, ұн және газды тағамдардан) бас тарту оңайға соқпағанын айта кеткім келеді. Бірақ өз қалауымды жеңе отырып, жоғарыда аталғандардан бас тарта білдім, нәтижесінде бір ай өткенде «тыйым салынған» тағамдар туралы есіме де алған жоқпын. Менің диетам сағаттар бойынша бөлінген болатын, мен оларды мүлтіксіз орындауға тырыстым, жаттығулар кешенін күн сайын 6–1 жүйесі бойынша орындауға кірістім, тек жексенбі күні ғана бұлшық еттеріме демалыс бердім.

Нәтижесінде осындай тамақтану мен шұғылдану бойынша 3 айдан кейін 15 кг салмақ жоғалттым, оның орнына дене бітімім барған сайын сымбаттана түсті.

Қазіргі уақытта берілген диетаны сақтауға тырысып жүрмін және тренажер залына артық салмақ қуу үшін емес, атлетикалық дене мүсініне ие болу үшін барамын, сондай-ақ бассейнге және «Rakhat Fitness» спорт клубының кейбір топтық бағдарламаларына (Stretch, Bums&Tabs, Zumba, Pilates, RRT, Yoga и т. д.) барамын, тамақтануға тек мерекелер сайын ғана ерік беремін, ал салмағым баяғыдай қалып отыр.

Менің мақалам сіздер үшін де пайдалы болар деп үміттенемін. Сіз өзіңіз осы уақытта қандай дәрежеде екеніңізді біліп алыңыз да одан жоғары дәрежеге көтерілуге тырысыңыз!

Кесте / Бағасы Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз