Русанова Женя

Все истории »

Русанова Евгения

« title=»

Женя «Rakhat FItness» CК 2006 жылдан бастап гимнастика секциясында спортпен айналыса бастады, ол кезде үш жаста еді. Кейінірек оның шығыс билері мен жүзуге қызығушылығы пайда болды, оларға гимнастикамен қатар жақсы табыстармен бара бастады. Жыл сайынғы «Жас таланттар» конкурсындағы шығыс билерінен сольдік нөмірмен жеңіске жеткеннен кейін үш секцияға хореография қосылды. Сондықтан қыз бір жаттығудан екіншісіне барып күні бойы клубта болатын.

Женя алты жасқа толғанда клуб тренері Ольга Гуренко («Фитнес» санатындағы бодибилдинг бойынша Азия чемпионатының жүлдегері) оның жаттықтырушылары Лилия Чернышова мен Ольга Токареваға жас спортшы қыз үшін «Балалар фитнесі» санатындағы Алматы қаласының чемпионатында бодибилдинг бойынша өнер көрсету үшін алғашқы көрсету бағдарламасын жасау туралы ұсыныс жасады – ол кезде бұл санат Қазақстанда ресми танылған емес еді.

Женя жаттықтырушылармен бірлесіп «Розовая пантера» («Күлгін қабылан») бағдарламасын дайындады және оны чемпионатта сәтті көрсетті. « title=»Бұл көрсету балалар фитнесі – бағдарламаның өте қызықты бөлігі екенін көрсетті. «Rakhat FItness» СК жаттықтырушылары балалар фитнесін Қазақстандағы қалалық және республикалық чемпионаттар бағдарламасына енгізудің заңды екені дәлелдеуге тұрарлық деп шешті. Теміртау қаласында болған алғашқы көрсету қойылымында Бейонсе Single Ladies әніне өте қызықты «Жұлдыз» бағдарламасы дайындалды. Қазақстан бодибилдинг Федерациясының Қазақстанда «Балалар фитнесі» санатын ашу туралы шешімі бір ауыздан қабылданды. Женя бұл санаттағы Қазақстанның бірінші чемпионы болды. Бұл оған өзін Қазақстаннан тыс жерлерде халықаралық жарыстарда көрсетуге мүмкіндік берді. 2012 жылы қыз Ресейдің ашық чемпионатында, Қазан қаласындағы Шығыс Еуропа чемпионатында күміс жүлдені жеңіп алды.

2013–2014 жылдарда «Rakhat FItness» СК жаттықтырушыларымен Женя жаңа «Монстр» бағдарламасын дайындады, осы бағдарламамен қалалық және республикалық чемпионаттарда жеңіске жетті. Мұнымен қатар ол Қазақстанның Ұлттық құрамасымен синхронды жүзуден жаттыға бастады. Жаттығуларда клубта алған тамаша дайындық үлкен рөл ойнады – жүзумен, акробатикамен, гимнастикамен, хореографиямен, бимен өткен сабақтар бекерге кетпеді.

« title=»

2015 жылы Астана қаласының құрамасының құрамында Женя Қазақстан халықтары спартакиадасының жеңімпазы болды, сондай-ақ Самара қ. «Принцесса Волги» халықаралық жарыстарында сольдік бағдарламамен 2-ші орын алды.

Және де ең маңызды бірінші жеңіс; 2015 жылғы қазанда Бангкоктегі Азия чемпионатында Женя завоевала 2 алтын сыйлық алды: техникалық бағдарлама (фигура) және еркін соло үшін.

Евгения Ермакова (шешесі): " Женяның спортта өсуіне үлесін қосқандардың барлығына алғысымды білдіргім келеді. Азия чемпионатына дайындықты Қазақстан Ұлттық құрамасының тамаша жаттықтырушылары: Жанна Демченко, Әлия Кәрімова, Нелля Баймурзина, Яна Макарцева жүргізді.

«Rakhat FItness» клубының барлық қызметкерлеріне рақмет, өйткені дәл осы жерде үш жастан бастап Женя барлық уақытын өткізді және жаттықтырушылар, балалар бөлмесінің педагогтары, дәрігерлер мен әдіскерлер, шешінетін бөлмелердегі қызметкерлер – бәрі де осы жетістікке жетуге ықпал етті. "

Ал Женя, әрі қарай жаңа мақсаттар мен жеңістерге жетеді деген сенімдеміз.

« title=» « title=»
Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз