Arena — Water Instinct Халықаралық турнирі

Жаңалықтар архиві »

Маусым 27, 2017

Калуга облысы Обнинск қаласында (Ресей) өткен Arena — Water Instinct халықаралық турнирінде «Rakhat Fitness» клубының жас жүзгіштері үш медаль жеңіп алды.

Биыл дәстүрлі турнирде Ресейдің барлық өңірлерінен, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстаннан 500-ден астам жүзгіштер қатысты. Біздің елімізден осы танымал жарысқа «Rakhat Fitness» клубының үш тәрбиеленушісі қатысты (жаттықтырушы Татьяна Сергеевна Ермакова): Анастасия Резванцева (2002 жылы туылған), Корлан Амирханова (2002) және Алина Костенко (2003).

Қазақстандық үштік жүлдесіз қалмады. 200 метрлік қашықтыққа арқамен жүзуде Анастасия Резванцева алтын медальді жеңіп алды. Ол мәреге турнирдің рекорды 2:20.90 мин. жетті. Келесі күні, болашағынан үміт күттіретін қазақстандық «арқамен жүзуші» жүз метрлік (1:07. 36 мин.) жарыс қорытындысы бойынша жеңістің екінші тұғырына көтерілді. Қорлан Әмірханова қола жүлдені жеңіп алды. Ол баттерфляйдан 50 м. қашықтықта (30.29 сек) үшінші болды.

Кесте / Бағасы Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз