Жаттықтырушының кеңестері

Жаңалықтар архиві »

Наурыз 6, 2019

Жаттықтырушының кеңестері

Көптеген адамдар үшін жүзу денсаулық үшін пайдалы екені құпия емес. Баланы суда жүзу сабағына жібермес бұрын ата-аналардың көпшілігінде көптеген сұрақтар туындайды. Жауап іздеуді жеңілдету үшін, біз Rakhat Fitness СК-нің жүзу бойынша жаттықтырушысы Ольга Ивановаға жиі қойылатын сұрақтарға жауап беруді өтіндік.

Жүзу мен шомылудың арасындағы айырмашылық неде?

Жүзу-бұл су спорттың түрі. Бұл физикалық жүктемелер, яғни еңбек.

Шомылу-бұл судағы ойын-сауық. Ол үлкен күш-жігерді талап етпейді

Жылдың қай мезгілінде судағы сабақтарға кіріскен дұрыс?

Ешқандай айырмашылық жоқ. Қысқы уақытта балалар ауырып қалады немесе ауруға шалдығады деген қате тұжырым. Олар жазда ауырады. Бұл жыл мезгілімен емес, терезенің сыртындағы ауа температурасымен, ағзаның физикалық жүктемеге, температуралық режимнің ауысуына байланысты (өйткені бассейндегі су спортшының денесінің температурасына қарағанда әрқашан салқындау болады).

Балалар нашар кептірілген шашқа байланысты жиі ауырады. Ата-аналардың ештеңеге уақыттары жетіспейтінін түсінуге болады, дегенмен жас спортшыны екі апта емдегеннен гөрі 10 минут уақыт жұмсап, басын жақсылап кептіргені дұрыс.

Егер денсаулық жағдайы бойынша шектеу жоқ болса, жүзу бойынша жаттығуларға анықтама не үшін қажет?

Педиатрдан денсаулық жағдайы туралы анықтама алу – бұл спортшы өмірінің кішкентай тарихы. Балаңыздың қауіпсіздігі дұрыс жазылған диагнозға байланысты. Жүзу – бұл жүктемелер. Денсаулығына байланысты кішігірім және ауыр мәселелерін біле отырып, жаттықтырушы оған лайықты жаттығуларды ұсынып, жүктемені бөлу, жаттығу процесін уақытында тоқтатып, тіпті топта да көңіл бөле алады. Яғни, сабақ қауіпсіз және тиімді болады.

Бірінші жаттығуға қалай дайындалу керек?

Алдағы уақытта жаттығу процесі қалай өтеді және ол қаншалықты табысты болады, көп нәрсе ата-аналарға байланысты. 5 жасында балаңыз ештеңе түсінбейді немесе аз түсінеді деп ойламаңыз. Бұл олай емес. Яғни, бассейнде сабақ басталмас бұрын оның қайда баратынын және одан не қажет екенін түсіндіру маңызды. Бұны баламен бір ғана емес, тіпті он рет талқылау қажет. Жүзу-бұл судағы сабақтар, демек, егер бала жаттығуда не болса соны істейтін болса, онда белгілі бір қауіп төнеді. Сондықтан ең бастысы-тыңдау керек. Бастапқы кезеңде шешуші болып табылады, мұнда баланың физикалық ерекшелігі мен қабілеттері мағызды емес.

Баланы қалай ынталандыру керек?

Балада жаттығуларға қызығушылықтың болмауы – көбінесе ата-анасында қызығушылық болмағандықтан болады. Балаңызды қызықтырмас бұрын, өзіңізді қызықтырған жөн. Сіз жүзумен айналыса бастағаныңызды есте сақтауыңыз керек. Яғни жаттығуға қалмай бару қажет. Ол да организм сияқты күніне үш мәрте немесе бес мәрте тамақ ішетіні секілді, біздің бұлшық еттеріміз де жүктеме алғаннан кейін әрдайым соны қалап тұрады. Бастапқыда аптасына үш мәрте.

Балаға жүзудің пайдасы туралы әңгіме айтыңыз

Жаттығудың қалай өткенін, қандай жаттығулар жасағанын, жаңа не үйренгенін сұраңыз.

Өзіңіздің жас спортшыңызды ең аз кішкентай жетістіктері үшін де мақтаңыз. Мақтау қанаттандырады. Тек асыра сілтеудің қажеті жоқ. Күш-жігері үшін мақтаңыз. Осылайша сіз бір оқпен екі қоянды өлтіресіз: спортшыны ары қарай жұмыс істеуге итермелеңіз, тіпті әрдайым дұрыс болмаса да, балаға бәрін дұрыс жасайтынын және сіз оны мақтан тұтатындығыңызды айтыңыз.

Жаттығуға ДЕЙІНГІ және одан КЕЙІНГІ тамақтану режимі бойынша ұсынымдар

Кішкентай спортшының қалай тамақтануын қадағалау өте маңызды. Өйткені бала дене жүктемелерін алып, жаттығып қана қоймай, сонымен қатар ол әлі де өсуде.

Сондықтан ашқарынға немесе ашыққан кезде жаттығуларға баруға болмайды. Бұл қауіпті.

Жаттығудан бұрын тамақ ішу мен жаттығудығ басталуы арасында бір сағат бойы үзіліс жасау маңызды. Баланы оңай сіңетін тағамдармен тамақтандыру ұсынылады. Бұл жағдайда ағзаны ас қорыту процесіне алаңдатудың қажеті жоқ, ал бүкіл жаттығу барысында тұрақты энергия қорын ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Жаттығудан КЕЙІН тамақтану күшін қалпына келтіреді. Сондықтан энергетикалық шығындарды толтыру және ағзадағы қоректік заттардың қорын толықтыру бір сағат ішінде жүзеге асырылуы тиіс, бірақ бассейннен шыққаннан кейін 15–20 минуттан ерте болмасын.

Өнімдер құрамында ақуыздар болуы керек (олар бұлшықет тінін қалпына келтіреді және құрастырады) және көмірсулар (олардан қорқудың қажеті жоқ, өйткені олар энергия көзі болып табылады).

Маңыздысы үш ережені білу қажет: сапасын, санын және калориясын.

Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз