Су

Барлық жауаптар »

Маусым 30, 2014

Сіздің көпшілігіңіз адам денесінің шамамен алған алғанда үштен екі бөлігінің судан тұратынын білетін боларсыз: адам миының жасушалары — 85% су, адам сүйегінде — 25% су. Ағзадағы су тұрақты түрде қозғалыста болуы және жаңарып отыруы тиіс. Орта есеппен алғанда күніне бір жарым- екі литрдай су ішуге кеңес беріледі. Дегенмен, бұл сандар өзеріп отыруы мүмкін. Ол салмаққа, ауа райына, еңбек жағдайы мен өмір салтына байланысты болып келеді. Спортпен шұғылдану барысында көбірек су ішкен дұрыс, себебі терлеу арқылы бөлініп шыққан судың орны толығуы тиіс.

Суды күні бойы тұрақты теңгерімді ұстап тұру үшін аз-аздан, әр сағат сайын немесе әрбір екі сағат сайын ішіп отырған дұрыс.

Бөлме температурасындағы 1–2 стакан суды ағзаның барлық органдарының жұмысын ынталандыруға жақсы нәтиже беретіндігі және жүйке жүйесінің жасушаларын «ояту үшін» және метаболизм процестерін үдету үшін ішуге кеңес беріледі.

Әдетте көптеген адамдар таңертең тұра салысымен шай немесе кофе ішеді, ал күні бойы шырындар немесе тәтті газдалған сулар ішіп жүреді, осындай жағдайларда кофеин және қант ағзадағы барлық суды сіңіріп алатындығын білмейді. Ал шайда ағзадағы қан жасушалары үшін қажетті темірді сіңіріп алуға кедергі жасайтын кейбір заттар бар. Осылайша, бұл сусындар пайдадан көрі зиянды көбірек тигізеді.

Атақты ирандық дәрігер – доктор Фирейдон Батмангхелидж өзінің «Денсаулық, сауығу және өмір үшін арналған СУ» атты кітабында адам денсаулығы үшін маңызды болып келетін судың бірнеше сапаларын сипаттайды.

- Су сүйек буындарының жоғары қабатын ылғалдандырғыш болып табылады. Ол артриттер мен бел ауруының дамуын ескертеді.

- Су иммундық жүйенің жұмысын жақсартады, сол арқылы вирустық және бактериялы жұқпалы ауруларға қарсы күресуге ықпал жасайды.

- Су қанның қойылуынан және жүрек пен ми тамырларында тромбалардың пайда болуынан (қанның ұйып қалуынан) сақтайды. Осылайша, су инфаркт пен миға қан құйылуының алдын алып ескертеді.

- Су тікелей мидың функциясымен байланысты, себебі ол нейротрансмиттер деп аталатын заттың синтезделуіне қатысады, сол арқылы ол ақыл-ой қызметін қамтамасыз етеді: есте сақтау қабілетін дамытады, ақыл-ойды үйлестіреді, ұйқы қалыптасады.

- Су егде жастағы адамдарға тән есте сақтау қабілетінің бұзылуын ескертеді, сондай-ақ Альцгеймер, Паркинсон және өзге де аурулардың алдын алуға көмектеседі.

- Су біздің әдемі көрінуімізге ықпал етеді, себебі ол теріңізді ылғалдандырып, оған балғын да дені сау көріністер береді.

Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз