Клуб командалары арасындағы су добы бойынша Азияның 10-шы Чемпионаты

Жаңалықтар архиві »

Желтоқсан 29, 2014

2014 жылғы 15 мен 20 желтоқсан аралығында Иран елінің астанасы Клуб командалары арасындағы су добы бойыншы Азияның 10-шы Чемпионатын қабылдады.

Жылдың ең басты клубтық ватерполдық оқиғасында жеңіске жету үшін Тегеран қаласына Азия құрылығының 5 елінен сегіз команда келді: Иран, Сауд Аравиясы, Қазақстан, Ауғанстан және Кувейт.

Қазақстанның ватерполдық «Астана» клубы алдыңғы 2013 жылғы Азия Чемпионатының жеңімпазы ретінде турнирге келді, және Тегеран қаласында да біздің спортшылар өз атақтарын ұстап қала алды. Біздің команда алдыңғы раундта бірде-бір ұпай жоғалтпай финалдық ойындардың матчын сенімді түрде өткізе білгендіктен, «ZarinMaadanAsia» турнирінің «алтынын» 13:6 есебімен жеңіп алып, үйге чемпионаттың басты трофейін алып қайтты.

Түпнұсқа: http://aquatics.kz

Кесте / Бағасы Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз