«Астана» ватерпол клубы Еуропаға терезе ашты

Жаңалықтар архиві »

Желтоқсан 29, 2014

Ерлердің «Астана» ватерпол командасының бас жаттықтырушысы Сергей Дроздов өткен жылдың қорытындыларын шығарады және болашақтың жоспарымен бөліседі.

Ресейдің ашық біріншілігінің жаңа форматы туралы

-Ресей чемпионатындағы «Төртеудің финалы»— қызықты формула. Төртіншілікке түсе білу қажет, ары қарай медаль үшін күресу жеңілге түседі. Еврокубоктар мен Евролигада мысалы «Алтаудың финалы» ойнайды.

Барлық маусым бойы біздер лайықты ойын көрсете білдік. Біз үшін біздің турмен ойнайтынымыз жақсы. Өткен маусымдарда біздер ең үздік алтылықтарға түскен кезіміздегі біріншіліктер көшпелі сипатта болды: екі ойын үйде, екі ойын түзде. «Астана» шетелдік команда болғандықтан үнемі жолсапарда болғандықтан, спортшыларға салмақ түсіп жататын. Финалдық матчтарға біз моральдік және физикалық тұрғыдан шаршап-шалдығып жететінбіз. Дегенмен, жігіттер соңына дейін айқасқанмен жеңске жету қиын болды.

Ресей біріншілігі турларының бірін Қазақстанда өткізу ықтималдылығы туралы.

- Егер бізге рұқсат беретін болса, ойын Астанада өтетін болады. Тараз, Павлодар, Атырау қалаларында жақсы су кешендері бар. Қазақстанда бассейндер жеткілікті, және турды біз қайда болсын өткізе аламыз. Оның өзі отандық су добының дамуына жақсы әсер ететін болады.

Азияның клуб чемпионаты туралы

- Біздің неізгі бәсекелестеріміз қашанда Қытай және Жапон спортшылары болатын. Осы жолы Иран құрама командасының жақсы ойынын көре алдық. Олардың соңғы екі Азия чемпионатына не үшін қатыспағандарын мен түсіне алмадым. Азияның клуб чемпионатында олар жақсы, тұрақты ойын көрсетіп жүрі. Біздің континентте су добы жақсы қарқынмен дамып келеді, лидерлер сол қалпында. Алғаш ретАуғанстан командасы қатысып, команданың дайындығын жақсы дей алмайсың, бірақ ойын географиясы барған сайын кеңейіп келе жатқаны анық. Кейбір кезеңдерде Ливан командасы да қатысып жүр, өкінішке орай революцияға дейін сирия командасының су добы бойынша жақсы деңгейі болды. Бұның өзі қаржыландырумен тығыз байланысты болса керек, себебі спорттың бұл түрі көп қаржыны керек етеді және кез-келген ел өзіне клуб ұстауға мүмкіндік бере алмайды.

Еуропаға интеграциялау туралы

- Өткен жылы біздер «Адриатикалық лиганың» басшылығымен келіссөздер жүргіздік, дегенмен барлығымен келісе алмадық. Тұтастай алғанда бұл турнирге біздің қатысуымыз мүмкін. Тек қана қаржы мәселесін шешу қажет.

«Адриатикалық лига» матчтары Еуропа чемпионаттарындағыдай аптасына бір-ақ рет ойналады. Бұл біз үшін күрделі, немесе біз осы кездесулерге үнемі ұшып баруға тиіспіз немесе үнемі сонда болуға тиіспіз, дегенмен оның өзі біз үшін шығынды болып келеді.

Біз «Адриатикалық лигаға» қатысатын болсақ, бюджет 30–40 % пайызға арта түсетіні сөзсіз. Бұл көп емес, Еуропада арзан қонақүй табу және тамақтану мәселесін шешу қиын емес.

Төрешіліктегі кедергілер туралы

- Су добы — субъективті спорт түрі. Сайыста бокстағыдай анық артықшылықпен жеңетін тұстар және даулы жағдайлар болады. Тең түсетін командамен ойнаған кезде бірнеше қате ысқырықтар сайыстың барысын шешуі мүмкін. Төрешілерді кіналағымыз келмейді. Менің ойымша, жаттықтырушылар қашан болсын төрешілерге наразы болып жүреді. Үлгілі төрешілік жасалатын жағдайлар өте сирек кездеседі.

«Астана» су добы командасының мықты және әлсіз жақтары

- Бүінгі таңдағы әлсіз тұсымыз — қақпашы жағы. Бізде болашағынан үміт күттірер екі жас ойыншымыз бар. Әзірге олар тәжірибе жинақтаумен келеді. Биылғы жылы біз оларға қақпаны қорғау мүмкіндігін береміз. Ол Махметов Мадихан (1993 ж. т.) және Валерий Шлемов (1995 ж. т.).

Оның екеуі де өзінің спорттық мансабын аяқтаған, бірге жаттыққан, бірге оқыған Николай Максимовтың өкшесін басып келеді. Әлем Кубогы алдында Максимов жарақат алған кезде жіггіттер сайыста жүріп шыңдалды деуге болады. Олардың бар қиындығы жарыс практикасының жоқтығынан болды. Дегенмен де олар жақсы ойын көрсете білді. Олар ең бастысы өсіп келеді, прогреске қарай ұмытлуда.

Қалған жағдайлар бойынша біз толықтай қамтылғанбыз. Біз легионерлерді шақырып келеміз, олар біздің жас ватерполшыларымызды өсіруде. Біз оларды Ресей чемпионатына апарамыз. Олар ойнай біледі. Бастысы олар ештеңеден қорықпайды.

Түпнұсқа: http://sport.zakon.kz/4677860-vaterpolnyjj-klub-astana-otkryvaet-okno.html

Кесте / Бағасы Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз