2014 жылғы үздік қазақстан спортшыларын марапаттау. Ол қалай болды.

Жаңалықтар архиві »

Ақпан 6, 2015

Астанада жылдың үздік спортшылары марапатталды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2014 жылдың қорытындыларын шығарды. Ресми түрде аталғандар мен марапатталғандар: жылдың үздік спортшысы, жаттықтырушысы, федерациясы, спорт ұйымы және үздік менеджері.

Олимпиадалық жылдың дәстүрі бойынша батырлар мен олардың ерлік істеріне толы жыл болды. Таңдау қашанда қиын, бастысы, екшкімді ренжітпеу қажет. Шынында да кім үздік екен: Головкин әлде Ильин?!

Кімнің үздік екенін анықтау барысында министрлік кемеңгерлікпен жол тапқан екен және өткен жылғыдай әрбір номинация бойынша топпен марапттатық марапаттауға кірісті.

Үздік спортшылар қатарында аталғандар: И. Ильин, Г. Головкин, З. Чиншанло, Д. Тен, Ж. Кыдырбаев, Д. Елеусинов, Д. Баландин, Н. Қызайбай, З. Диас, А. Нуғымаров.

Жаттықтырушылардың үздігін анықтау өз-өзінен шешімін тапты. Үздік спортшының жаттықтырушысы автоматты түрде жыл жаттықтырушысы атанды.

- Ерліктерге шақыратын осындай оқиғалар үшін көп рахмет, — деді бас спорт жұлдызы ретінде салтанат барысында сөз алған Денис Тен. — Біздің еліміздің намысын қорғайтын осы атақты спортшылардың қатарын көріп отырғаныма қуаныштымын. Барлық үздіктерді құттықтаймын.

Ары қарай үздік федерациялар марапатталды: бокс, ауыр атлетика және конькимен жүгіру спорты. Сондай-ақ ескек есу және су спорты түрлері федерациялары да аталды.

Ең үздік спортшы өңір де жалғыз аталған жоқ. Отмечены управления спорта Павлодар, Қарағанды және Шығыс-Қазақстан облысының Спорт басқармалары атап өтілді.

Жеке саны бойынша аты аталған жылдың үздік менеджері ғана болды. Дене шынықтыру және спорт саласындағы жылдың үздік менеджері «Алау» қысқы спорт түрлері сарайының директоры Найль Нуров атанды.

Бұл марапаттау, бірінші кезекте «Алаудың» барлық ұжым мүшелерінің атағы, себебі Азияда ойындары өткен соң мемлекет басшысының барлық спорт нысандары кәсіби спортшылар ғана емес, сонымен қатар спортты жақсы көретіндер үшін де қол жетімді болуы тиіс деген нақты тапсырмасын орындағаны үшін деп білемін. Соңғы төрт жылдың қорытындысы бойынша «Алау» Республикамыздың тұрғындарының ең көп келетін спорт нысаны деп танылған, -деп түсініктеме береді Наиль Нуров.

Номинацияларға деген мырзалық, атақтар мен марапаттаулар қалыпты пресс-релиздің аумағынан шығып-ақ кетті. Үздік спорт федерацияларын атаудың өзіне бір сағаттай уақыт кетті. Себебі олардың 10 астам саны аталып еді. Таңдау деген де оңайға түскен жоқ. Ұлттық мұражайдың Залына жиналғандардың әрбір қатары өз атақтарымен және марапаттарымен бірнеше мұражайды толтыруға қабілетті еді.

- Бұл күн спорт және спортшының күні. Әйелдер мен ерлерді, спортшылардың тұтас командаларын атап өткендігі үшін қуаныштымын. Шынында да, спортшылардың шынайы мерекесі болып жатыр, мен бұл мерекемен барлық спортшыларды, сонымен бірге спорт саласының басшыларын да құттықтаймын деді ППСК «Астана» басшысы Владимир Смирнов.

Әрине, Жазғы Олимпиада ойындарынан кейін үздік спортшыны таңдау қызықтырақ болып тұр. Сочи-2014 отандық спорттың триумфы деп айта алмас едік.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлы бұл жеңістерді ұстамдылықпен атап өтті: "Кешенді шараларда жақсы өнер көрсеттік, жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткіздік. Олимпиаданың бес спорт түрі бойынша бәсекелестермен тең дәрежеде көріне білдік. Жеңіс үшін күрестік, Ванкуверге қарағанда жақсы нәтижелер көрсеттік ".

Бірақ осындай болған да дұрыс шығар. Бәрі де қисынды: ұстамды оптимизм орынды болар. Жиналғандардың арасында сахнаға шақырылмаған да көптеген адамдар болды, бірақ жақын болашақта олардың да ерлік көрсететін сәттері жоспарланған.

Игорь Березин, Астана

Түпнұсқа: http://sport.zakon.kz/
Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз