Сергей Дроздов. Ватерпол дәстүрін жалғастыра отырып.

Жаңалықтар архиві »

Ақпан 7, 2015

23–25 қаңтарда Тбилиси қаласында су добынан «GVAKHARIA’S CUP» халықаралық турнирі болып өтті, оған Ресей, Грузия және Түркияның мықты құрама командалары қатысты.

Казақстан «Астана» командасын топқа салды, сол арқылы ол өз жастарының «жауынгерлік жағдайларда» қалай өнер көрсететінін көргісі келді. Турнир қорытындысы әсерге толы болды– балаларды да көрді, күміс жүлдегер де атанды, негізгі құрамда ойнайтын Ресейдің бас командасына ғана жеңісті қолдан берді. Біздің Бранко Пекович «үздік орталық шабуылшы» атанды, Владимир Ушаков «үздік бомбардир» деп танылды, ол 2 гол соқты. Басында «спарринг» ретінде қарастырылған турнир, қазақстан ватерполшылары үлкен үміт артқан жаңа жылдың жақсы бастамасына айналды.

1994 жылдан бастап бұл команда бес рет Азиада ойындарының жеңімпазы атанса, үш рет жағажай Азия ойындарын жеңіп алды, үш рет Азия Кубогын қанжығасына байлады, бес рет Азия чемпионы атанып, сонша рет құрылықтың клуб біріншілігінде «алтын» жеңіп алды. Қазақстан ватерполшылары Азия құрылығындағы ең үздіктер қатарында аталады, олар бұл орайда үздік деген атауды ешкімге қиған емес.

Осы жеңімпаз-команданың өзгермейтін тәлімгері, әлемдегі су добы саласында құрметті мамандардың бірі Сергей Дроздов даңққа бөленген өткені мен қазақстан су добының болашағы жайлы әңгімелеп берді.

- Сергей Михайлович, алдымен алдымен жылды қорытындылап алайық. Ватерполшылар үшін 2014 жыл қандай жыл болды?

- Өткен жыл жай жыл болған жоқ. Соған қарамай команда алдына қойылған барлық міндеттер түгелдей дерлік орындалды деуге болады. «Астана» ватерпол командасы президенттің кәсіби «Астана» спорт клубының құрамына кіре отырып, ашық Ресей чемпионатын төртінші орында аяқтады. Әрине, медальға бір қадам қалған кезде тоқтап қалған өкінішті-ақ. Бірақ осы жерде чемпионатта ойнаудың ауырға соққаны үйдегі матчтарды қонақта жүріп ойнау екендігін айта кету керек. Дегенмен, біздің жігіттер орасан зор психологиялық және дене жүктемелеріне төтеп бере алды, жүздерін төмен салған жоқ. Ресей Чемпионатын біздер клуб командалары арасында өтетін Азия чемпионатына негізгі дайындық есебінде қарастырдық, онда біз бірінші орынды иелендік. Біз үшін басты старт Инчхонда өткен Азия ойындары болды. Біздің «алтын» Қазақстан құрама командасының құрамында «Астана» клубының тоғыз уәкілі болса, тағы төрт қазақстандық ойыншы ресей чемпионатының өзге клубтарынан қатысты. Өткен жылы құрамында жас ойыншылар ойнаған жас ойыншылар Азия ойындарының Жағажай ойындарында жеңіске жеткен болатын. Сондықтан біз 2014 жылы алдымызға қойған міндеттерді түгел орындадық деп айта аламын, Азия құрылығында үздік чемпиондар қатарында атанғандығымыздың өзі соның айғағы. Бұдан әрі де өзімізге деген талап биігін арттыра түсіп, жұмыс істейтін боламыз.

- Бізге белгілі болғандай, команда алдында шілде айында өтетін Әлем чемпионаты басты мақсат екендігі. Осы стартқа байланысты сіздің жоспарларыңыз қандай?

- Иә, Қазан қаласында өтетін Әлем чемпионаты біздің осы жылғы басты турниріміз. Алматы қаласында өткен Әлем Кубогында біз алтыншы орынды иелендік. Бұл үздік көрсеткіштердің бірі. Кубок қорытындылары бойынша әлем чемпионатындағы үздіктер қатарына Испанияның күшті деген командасын ығыстыру арқылы іріктелуге қол жеткіздік. Психологиялық тұрғыдан алғанда бұл біздің балалар үшін үлкен олжа. Қазіргі кезде біз өз бәсекелестерімізді білмейміз, жеребе тастау әлі болған жоқ. Әрбір өнер көрсеткен сайын біздің көрсеткіштеріміз де жақсарып келеді, алдымен оны алтыншы орында болып едік, өткен жылы 12 орынды иелендік. Билғы жылы әлемнің үздік деген командаларының ТОР-10 ондығына кіруді жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде біз әлемдік рейтингтің оныншы орнынан көрініп жүрміз, спорттық ойын түрлері үшін бұл жақсы нәтиже деп білемін. Жеребе сәтімен түскен кезде мықтылардың «сегіздігіне» түсу міндетін алға қоямыз. Әдетте біздің кіші топтарға түскен кезде жолымыз бола бермейді, біз бірден Венгрия, Сербия, Хорватия, Черногория сияқты елдердің мықты командаларына тап боламыз. Бірақ оның да жақсы жақтары бар, үздіктермен ойнап жүріп біздің команда да жақсара түседі. Оған қоса айтарым, біз осы елдің жаттықтырушыларымен ынтымақтаса жұмыс істеп келеміз, олар бізде балалардың су добын дамытуға көмектесіп жүр. Мен жоғарыдай айтқандай, артымыздан лайықты жас буындар өсіп келеді, ендеше жеңістер де болашақта бізге келеді деп ойлаймын.

- Сергей Михайлович, біздің жастар туралы жете әңгімелеп беріңізші. Сіз оларды «Астана» клубының құрамына шақырған боларсыз, сіз еліміздің басты құрама командасының тәлімгері ретінде олардың ойындарын қадағалайсыз ба?

- Әрине, айтарым көп – біз бір бассейнде жаттығамыз, сондықтан бар бала біздің көз алдымызда. Бас жаттықтырушы ретінде мен оларды үнемі бақылап жүремін, олардың жағымды өзгерістерін, кәсіби тұрғыда өскендігін атап көрсетіп отырамын. Мені көзге көрінген прогресс қуантады. Клубтың командасына өзінің аға буындарынан Бранко Пековичтен, Владимир Ушаковтан, Сергея Губаревтан тәжірибе үйрену мақсатында жас ойыншыларды тартуды біз де қарастырамыз. Биылғы жылы біз 1995–1996 жылдары туған балаларға ойнауға мүмкіндік беріп жүрміз. Ойын практикасы елеулі нәтижелер беретіні анық болғандықтан, ойын қашан да жоғары деңгейде өтеді. Біздің команданың тең жартысы өзіміз тәрбиелеп шыққан балалар – біздің қақпашымыз Мадихан Махметов 1993 жылы туған, Александр Годованюк 1995 жылы туған, қақпашы Валерий Шлемов 1995 жылғы, Мирас Аубакиров, Алтай Альтаев 1996 жылғы, Юлиан Вердеш 1996 жылы туған және т. б. бар. 1995 жылы туған Максим Жардан бүгінгі таңда Ресей чемпионатының үздік спринтерлерінің бірі болып табылады. Статистикаға сәйкес кезең басында ұтқан доптардың 85 % соған тән болып келеді. Өздеріңіз көргендей Сергей Губаревқа лайықты орынбасарлар өсіп келеді.

- Қазақстан су добы өзінің даңқты дәстүріне ие, біздің елімізде осы спорт түрінің даму болашағы бар ма және Сіз оның дамуына қандай баға берген болар едіңіз?

- Өткен жылдардың озық дәстүрлерін біз сақтап қала алдық. Қазақстан СССР чемпионы да атанды, Спартакиадаларда да жеңіске жетті, жарыстарда үлкен жүлделерге қол жеткізді, жастар мен юниорлар арасындағы жарыстарда жеңімпаз атанды, қашан болсын көш бастаушылардың алдыңғы қатарында болды. Көптеген ойыншылар СССР құрама командаларының құрамында өнер көрсетті, Әлем, Еуропа чемпионаттарында, Олимпиада ойындарында жеңіске қол жеткізді, осы жарыстардың чемпиондары атанды. Біздің грандтарымыз – олимпиада чемпиондары Сергей Котенко, Асқар Оразалинов, Нұрлан Меңдіғалиев, Ерлан Аяпбергенов, Павел Волков және өзгелер болды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауы арқасында спортқа көп көңіл бөлініп келеді, спорт түрлері, соның ішінде су добы да дамып келеді. Біз Елбасыға үлкекн ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз. Оған қоса еліміздің басты спорт ведомствосы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігін атап өткен орынды. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына зор алғысымызды білдіреміз. Олар бізге 2010 жылдардан бастап көмектесе бастады, біз содан бері өзімізге алдыңғы қатарлы ойындарды қайтарып келеміз. Биылғы жылы біздер Гуанчжоу қаласында өткен Азия ойындарының жүлдесін жеңіп алдық, финалда қытайлармен тартысып, жеңіске жеттік. Өткен жылы Жапон құрама командасымен айқасып едік. Біздің команда қазір ППСК «Астана» құрамына енді, және бұл түр Қазақстанның бар аймағында дамып келеді. Біз өз балаларымызды тәрбиелеп келеміз. Егер ертеректе легионерлерді жинап алып команда жаратуға тырысатынбыз. Қазір біздің тәрбиелеген балаларымыз, талапқа сай болғандықтан, шетел клубтарынан шақырту алып жүр. Біз өз балаларымызды тәрбиелеумен келеміз. Бұрында легионерлер көмегімен команда жинағымыз келсе, қазір олар лайықты ойын көрсетіп жүр. Мен бұған жаттықтырушы ретінде қуанамын. Бұл біздің жұмысымыздың дұрыс бағытта екендігін көрсетеді. Егер спортқа дұрыс көңіл бөліп отырған жағдайда біздің болшақтан күтеріміз – мол.

- Сіздің команданың жетістіктері су добының кеңінен тарауына қалай әсер етуде?

- Біріншіден, қазір көптеген балалар су добына келетін болып жүр. Егер бұрын төрт өңірде дамыған болса, қазір алты өңірде дамып келеді. Қазір мамандарды Қызылорда облысына, ШҚО-на жібергіміз келеді. Үш жылдай болды Атырау қаласында бөлімшеміз жұмыс істеп келеді, ол балалар 2002 жылы өз құрдастары арасында Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұрын еліміздің құрама командасы негізінен Алматы қаласының ойыншыларынан тұрса, ал қазір шышында да құрама командаға айналды. Қазір Тараз, Алматы, Қарағанды, Астана, Орал және Атырау қалаларының балалары ойнап жүр. Олардың арасынан ең үздіктерін таңдап алу үшін біз спорт лагерлерін ұйымдастырамыз, байқаудан өткендерін Алматы қаласындағы спорт интернатына алып келеміз. Бізд онда ең үздік балаларды жинаймыз. Олар бала кезінен құрама команданың құрамында жаттығып келеді, бірақ чемпионаттарда олардың әрқайсысы өз облыстарының командалары үшін ойнайды. Мүмкіндікті пайдалана отырып, ата-аналарға айтарым, спорттың қай түріне баланы беру маңызды емес, маңыздысы баланың спортпен шұғылдануы. Ол сіздің балаңыздың дене бітімінің дамуы, тұтастай алғанда ұлттың дамуы. Дені сау бала – еліміздің жаны сау, тәні сау болашағы. Балалар компьютер үстелінде отырғанша немесе көшеде бос сенделіп жүргенше спортпен шұғылданғаны әлдеқайда жақсы. Әсіресе, қазіргі кезде балалар спортын дамыту үшін көп нәрсе істеліп жатқаны мәлім.

- Әлемдік біріншілікке қатысудан басқа таяу уақытта қандай жоспарлар бар?

- Биылғы жылы қызықты болғалы тұрған Ресей чемпионатына қатысамыз. Биылғы жылы ол Еврокубоктар өтетіндей жаңа формуламен өткелі тұр. «Төртеудің финалы» өтпек, сондықтан төрттікке түсу міндеті тұр. Ол біздің қолдан келеді. Біз қазір бесінші орында келеміз. Биылғы жылы біздің қақпашымыз Николай Максимовтың кетуіне байланысты командамыз біраз өзгерістерге тап болды. Ол тамаша көшбасшы болғандықтан, команданы талай рет құтқара білді, ойыншы болып жүрген кезде-ақ өз жүйесі бойынша қақпашыларды тәрбиеледі, қазір олар қақпашы болып жүр. Ойындар 2–8 наурыз күндері Қазан қаласында өтеді, біз мықты бәсекелестермен бес ойын өткіземіз— «Динамо» (Астрахань қ.), «Синтез» (Қазан қ.), «КИНЕФ-Сургутнефтегаз» (Кириши қ.), «Штурм-2002» (Москва облысы) және жас командай «Синтез-Академия» (Қазан қ.).

- Бұл турнирге дайындықтар қалай өтуде?

- Қазір команда Алматы қаласында ОЖС-да жүр, бар күшін салып дайындалуда. Бүгінгі таңда Ресей чемпионатының соңғы сатысы үшін іргетас қалау мақсатында уақытты тиімділікпен пайдаланудамыз. Ол үшін бар жағдай жасалған, сондықтан біз тек жаттығу жайлы ғана ойлаймыз.

- Әңгімеңізге қарағанда осы жыл оқығаларға толы жыл болғалы тұр екен. Чемпионаттың жаңа форматынан басқа, әлемдік біріншіліктен өзге және жас спортшыларды даярлаудан басқа аса бір маңызды міндет бар емес пе, ол -Олимпиадаға лицензия жеңіп алу. 2016 жылғы Риоға қол жеткізу мүмкіндігі қалай?

- Әрине, біз олимпиада лицензиясын жеңіп алуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін бізге Азияның квалификациялық чемпионатын жеңіп алуымыз қажет, біз оған міндеттеніп отырмыз. Әзірге жарыс өткізу орны мен уақыты белгісіз болып тұр. Сондықтан біз осы чемпионаттың Алматы не Астана қаласында өтуіне сұраным бергелі отырмыз. Әлем чемпионатында алғашқы «үштік» қана іріктелетіні белгілі. Қалған лицензиялар құрылық турнирлерінде бөліске түседі. Егер лицензия ала алмай қалған жағдайда, онда 2–3 команда жалпы іріктеуде ойнау құқығына ие. Онда 12 команда арасында 3 жолдама таласқа түседі. Бірақ біздер Азия жарыстары арқылы тікелей шығуды көздеп отырмыз, 2012 жылы Лондон Ойындары алдында Токиодағы квалификациялы чемпионатты жеңіп алып, осылай шығып едік.

- Халықаралық турнирлерде дараланған біздің ардагерлер командасын да атап өткеніміз дұрыс болар.

- Бізде шынымен-ақ мықты ардагерлер командалары бары. Түрлі жастар бойынша үш рет әлем біріншілігін жеңіп алсақ, бес рет күміс жүлдегер атандық және бір рет «қола» жүлдегер атандық. 2009 жылы Сидней қаласында Әлемдік ардагерлер ойындары өткізілгені мәлім, сонда да біз жеңімпаз атандық. Міне, еліміздегі су добының даңқты дәстүрлері қайдан шыққаны белгілі болар.

- Әңгімеңізге көп рамет!

Түпнұсқа: http://sport.zakon.kz/

Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз