«Mad Wave Challenge 2015» Мәскеу қ.

Жаңалықтар архиві »

Ақпан 6, 2015

Біздің 2002–2004 жылдары туған спортшыларымыз 24 және 25 қаңтар күндері жаттықтырушы Т. С. Ермакованың басқаруымен «Mad Wave Challenge 2015» ресей турнирінің мәскеулік кезеңіне қатысты. Бұл жарыстарға 400-е жуық жас спортшылар қатысты.

Жарыстар Мәскеудің ең үздік спорт құрылыстарының бірі «Янтарь» спорт сарайында өтті. Турнир шын мәнінде халықаралық деген атауға лайықты өтті. Жарыстың бірінші кезеңінде Ресей, Беларусь және Қазақстаннан келген командалар қатысты. Жарыстарға қатысу үшін екі түрлі жас тобындағы сүңгуірлер шақырылды: I топ— 2002 жылы туған жастар мен қыздар; II топ — 2003/2004/2005 жылдары туған жастар мен қыздар. «Mad Wave Challenge 2015» турнирінің мәскеулік кезеңінің салтанатты ашылуы «Реальные пацаны» жастар сериалының танымал актерлары Антон Богданов және Владимир Селивановтардың қатысуымен өтті, жеңімпаздарды марапаттау ресімін Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері — Коротышкин жүргізді.

Турнирдің ұйымдастырылуы жоғары деңгейде өтті. Біздің жас спортшылардың көңіл күйі жоғары дәрежеде болды, себебі олардың көпшілігі хронометраж (электроника) жүйесімен жарақтандырылған бассейнде алғаш рет жүзіп көрді. Олардың көбісі мұндай үлгідегі жарыстарға да алғаш рет қатысты. Дегенмен біздің жас сүңгуірлер лайықты түрде өз өнерлерін көрсете білді. Алтынды Злобина Диана (2002 ж. т.) 100 м қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзу барысында, қоланы — Римханұлы Елмұрат (2003 ж. т.) 50 м қашықтыққа арқада жүзу әдісі арқылы жеңіп алды. Тұтастай алғанда олардың барлығы өз нәтижелеріне көңілдері толып қайтты. Қорытынды күні жас спортшылар Қызыл алаңда серуендеді, жәрмеңкеге қатысты, өз туыстарына кәдесыйлар алды. Ал кешкісін өз Отандарына қайтты.

Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз