Универсиада жалауы Алматыға келді

Жаңалықтар архиві »

Ақпан 23, 2015

Халықаралық студенттер спорты Федерациясы президенті Клод-Луи Гальеннің қолынан Федерация жалауын испания жерінің Гранада қаласында өткен 27-ші Қысқы Универсиаданың жабылу салтанатында Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова қабылдап алды.

- Универсиада жалауы Алматыға келді және бұл дегеніміз біздің тікелей жарыс мәресіне шыққанымыз, дейді «Алматы қаласы халықаралық спорттық жобалар дирекциясының» жетекшісі

Илья Уразақов. — Біз жауапкершіліктің салмағын сезінеміз. Әрбір шарадан кейін біз қателіктермен жұмыс істейміз, халықаралық спорт федерациясы өкілдерімен тығыз қарым-қатынас жасаудамыз.

- Біздің спортшылардың нәтижелері әсерлі болды, — деп атап өтті Аманжолова ханым. — Қазақстан тарихында біздің спортшы студенттер алғаш рет жалпы командалық есепте үшінші орынды иеленді. Біз жастарымызбен мақтанамыз. Универсиаданың ресми жабылуы мен жалауды тапсыру 14 ақпанда Гранада қаласында өтті. Одан кейін біздің еліміз туралы, оның тарихы жайлы, спорт нысандарының дамуы мен олардың құрылысы туралы 10 минуттық видеоролик көрсетілді. Бір әннің үлгісімен біздің халқымыздың тарихы мен сан қырлы мәдениетін, көп ұлттылығы мен толеранттылығын таныта білдік.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2015 жылғы Қысқы универсиада Ойындарында бес алтын және алты күміс медаль жеңіп алды. Осыған дейін біздің Отандастарымыздың Универсиада ойындарындағы ең үздік жетістігі 2005 жылы өткен австриялық Инсбурк (4 алтын, 1 күміс, 2 қола) жарыстарында көрініс тауып еді. Биылғы жылы спортшы студентттер жарыстарда көрсеткен үздік нәтижелері үшін — $15 000 алса, күміс үшін — $10 000, ал қола үшін — $5 000 алды. Қазақстанның Студенттер спорты Федрациясының Президенті Қайрат Закирьянов спортшылар бұрын бірінші орын үшін бар болғаны $3 000 алатындығын атап өтті, сондықтан студенттік ойындар Азия құрылығы ойындарынан төменгі дәрежеден көрініс табатын. Қайрат Хайроллаұлының жоспары бойынша үкіметке сыйақы мөлшерін, бірінші орынға $50 000, екінші орынға $30 000, және үшінші орын үшін $15 000 дейін ұлғайту туралы ұсыныс жасау болып отыр — Мен Анастасия Слоновадан жеңген екі алтыны мен екі күмісі үшін алатын $50 000 не істейтінін сұрап едім, дейді Қайрат Хайроллаұлы. — Ол маған отбасының бар екенін, 35 000 доллларға үй сатып алатынын, қалғанына— автокөлік сатып алатынын айтты. Студенттерге, әрине, көмектесу қажет.

- Сөзсіз, жүлделік сыйақы елеулі түрдегі ынталандыру факторы болып табылады, — қосып кетті Зәуреш Аманжолова. — Біздің жігіттердің қалай сайысқандығын біз көрдік, онда шынайы патриоттық рух пен кәсіби шеберлік көзге ұрып тұрды.

Алматыда өтетін студенттік ойындар негізгі сегіз пәндер бойынша, оның ішінде тау шаңғысы спорты, биатлон, шаңғы жарыс, сноуборд, керлинг, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, және мұздағы хоккей сияқты түрлері бойынша өтетін болады. Жарыс иесі ретінде Қазақстан бағдарламаға шаңғы қоссайысын, трамплиннен шаңғымен секіру және конькимен сырғанау сияқты түрлерді енгізіп отыр.

- Спортшыларды үйдегі Универсиадаға дайындау толығымен жүріп жатыр, деп сөзін жалғастырды Закирьянов мырза. — Гранадада 11 спорт түрінің ішінен қазақстандықтар 7 түріне ғана қатысты. Біздің спортшылар кенже қалып келе жатқан мына спорт түрлері бойынша: керлинг, шорт-трек, тау шаңғысы, фристайлдың жеке түрлерінен өз атлеттерімізді даярлауға екі жыл уақытымыз бар.

Айтпақшы, ҚР Студенттер спорты Федерациясы арқылы студенттер спорты мен мектеп спортын дамытудың түбегейлі тұжырымдамасы жасалған болатын, ол спортты дамыту саласында жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін. Бірақ өкінішке орай, Қайрат Закирьяновтың пікірінше, тұжырымдама билік дәліздерінің бірінде қалып қойып, әлі күнге бекітілген жоқ. Мемлекет басшысының Жарлығымен ұсынылған Отандық спорт ғылымының дамуы да сұрақ белгісімен тұр. ҚР БҒМ Ғылыми комитетінің төрағасы Сынсызбай Жолдасбаевтың пайымдауынша біздің елімізді халықаралық аренада көрсететін жоғары спорттық шеберлікпен шұғылданатын спортшылар үшін Спорт ҒЗИ құру тиімсіз деп санайды екен.

Барған сайын жақындап келе жатқан Универсиаданың барлық спорт нысандары 2016 жылдың басында дайын тұруы қажет, Аманжолова ханымның пікірінше, ең түпкі мерзім 2016 жылдың ортасына дейін аяқталуы тиіс. Барлық нысандар оңтүстік астана тұрғындарына қызмет ететін болады. Мысалы атлеттер қыстағы өз пәтерлерін күтіп жүрген студенттер мен кезекте тұрғандар үшін жатақхана ретінде қызмет етеді.

- Осындай ірі жарыстардан кейін балалар мен олардың ата-аналарының спортқа деген қызығушылығы еселеп арта түседі, — деп Алматы қаласы Дене шынықтыру басқармасының бастығы Хаирболат Хайдаров өз әріптестерінің көрсеткен өнерін қорытындылады. — Азиада-2011-ң мұрасы — «Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешенінде әкімнің тапсырмасы бойынша үш балалар трамплиндерінің құрылымымен толықтырылды. Бүгінде Балалар мен жастардың спорт мектебінде трамплинмен секіру бөлімшесі ашылды, онда 700-ге жуық бала шұғылданып келеді. Бұл балаларды спортқа жұмылдырудың жақсы үлгісі болып табылады.

Диляра Азанбекова, Алматы

Түпнұсқа: http://sport.zakon.kz

Кесте Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз