«Теміртау маржаны» Халықаралық турнирі

Жаңалықтар архиві »

Сәуір 15, 2015

2015 жылғы 6–10 сәуірде синхронды жүзу бойынша «Rakhat Fitness» командасы (2003–2005 жылдар) Қазақстан біріншілігі үшін жүргізілген «Теміртау маржаны» Халықаралық турниріне қатысты.

Бұл жарыстарға үш елдің командалары қатысты: Казақстан, Ресей және Өзбекстан.

Біздің клубтың жас спортшылары міндетті бағдарлама мен топтық бағдарлама бойынша өнер көрсетті. «Rakhat Fitness» командасының міндетті бағдарламасының қортындылары бойынша үздік нәтиже көрсеткендер: Вероника Прокопенко, Ева Соколова, Аружан Нурмаханова.

Топтық турнирде біздің клубтың командасы сегіз команданың ішінде 5 орынды иеленді. Жарысқа қатысқандардың көпшілігі кәсіби құрамалар екендігін ескерсек, біздің жас спортшыларымыз әуесқой спортшылар болып саналады және олардың көпшілігі осындай өкілетті жарыстарға қатысқан емес. Дегенмен, олар ересектердің екінші разрядының нормативтерін орындады.

Команда құрамы:
Алина Габитова, Акдана Жамалбек, Аружан Нурмаханова, Ева Соколова, Вероника Прокопенко, Мари Мохаммад, Маша Тулеушева, Милана Леонтьева, Александра Алистратова, Виктория Чёрная.

Команда жаттықтырушылары:
Галина Резванцева, Карина Фадеева.

«Rakhat Fitness» СК жас спортшыларға спорттық жетістіктер тілейді!

Кесте / Бағасы Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз