Балалар йогасы

Жаңалықтар архиві »

Мамыр 27, 2015

Қазіргі кезде барлық адамдар стресс жағдайларына шағымданады. Бүгінгі таңда біздің балаларымыздың күнделікті кестесі кейде тіпті ересек адамдарға қарағанда күрделі болып келеді. Бұл мәселенің қиындығы ақпараттың көптігінен баланың психикасына түсетін салмақ қана емес, оның дене бітімінің жай-күйі, әсіресе омыртқасына байланысты болып келеді.

Барлық ата-аналар дерлік өзінің ұлының немесе қызының дене бітімінің оқтай түзу болғанын қалайды, себебі түзу және мықты омыртқа мықты денсаулық пен тұрақты психиканың негізі болып табылады.

Не істеу керек? Шығатын жол бар! Ол йога.

Балалар йогасы – ол хатха-йогаға негізделген жаттығулар кешені болғандықтан, балалардың жарасымды өсуі мен дамуына жағдай жасайды. Йоганың асандары (дене қимылдары) үйлесімділіктің, күштің, икемділік пен төзімділіктің дамуына бағытталған. Бірақ барлық асандар орындау барысында қарапайым деуге болмайды, сондықтан олар баланың ерік күшін, сезімталдығын дамытады және өзі мен өз денесінің мүмкіндіктері туралы көптеген жаңалықтарды түсінуге мүмкіндік береді. Бұл асандар бұлшық етті нығайтады, икемділігі арта түсіп, буындарды дамытады, баланың іс-қимылдарын көркем және ықшамды ете түседі, сондай-ақ омыртқа мен ішкі ағзаларды нығайтады, өзін жақсы сезінетін болады. Баларларға арналған йога денені бос ұстаудың үздік құралы болып табылады. Йога әдістері елеулі және терең босаңсуға қол жеткізуге мүмкіндік береді, яғни, жұмыс қабілеті жылдам қалпына келеді.

Омыртқа үшін жарақат қаупін туғызатын спорттың көптеген түрлерінен басқа, арқаның бұлшық етін созуды, нығайтуды көздеген йога және асанды дұрыс орындау, қалыпты қан айналымын қамтамасыз етеді және барлық ішкі ағзалардың денсаулығын сақтауға ықпал ететін симметриялық жүктеме береді және босаңсытады.

Йога ерекше түрде ойын бір ортаға бағыттай білмейтін, назары шашыраңқы балаларға ерекше пайдалы, себебі ол төзімділікті, дене бітімі мен ақыл-ойды, ойын бір ортаға жинақтауды қалыптастыруға ықпал етеді. Йогамен шұғылданатын балалар әлдеқайда тәртіпті екендігі, жақсы оқитындығы мен аз шаршайтындығы бұрыннан белгілі.

Жеткіншек жаста йогамен шұғылдану өзіне деген сенімділіктің арта түсуіне мүмкіндік береді және дене бітімі мен рухани тепе-теңдікке қол жеткізуіне ықпал етеді. Сабақтар тыныштыққа және ойын жинақтауға әсер етеді, ал жаттығулардың динамикалық қимылдары мен қуат кешендері жеткіншектердің формада жүруіне, өз бағасын арттыруға және күнделікті өмірдің стрестерін жеңуге мүмкіндік береді.

Йогамен жүйелі шұғылдану сіздің балаңызға өз денесін және ондағы болып жатқан үдерістерді басқаруға, дұрыс тыныс алуға, толыққанды босаңсуға және қоршаған ортаға оңтайлы көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Ол ересектер өміріндегі кез-келген қиындықтарға дайын қалпында енеді және оны толық әрі жарқын қалпында қабылдайтын болады!

Кесте / Бағасы Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз