Rakhat Fitness спорт клубы 7-11 жастағы қыздарды су полосы секциясына ТЕГІН оқытуға шақырады.

Жаңалықтар архиві »

Шілде 9, 2015

Су полосы – спорттың командалық түрі, қызықты және серпінді. Кез келген командалық ойын сияқты су полосы жетекшілік қабілетке тәрбиелейді, құрбыларымен тіл табысуға, тез шешім қабылдауға үйретеді, балаға жауапкершілікті болуға және өз еркімен әрекет етуге көмектеседі.

Спорттың бұл түрінің ерекше тамаша екендігі мынада: жаттығу суда өтеді, яғни жүрек-тамыр жүйесі нығаяды; баланы тез шаршататын денеге түсетін күш азаяды; өкпе ауқымы кеңейеді, яғни қандағы оттек деңгейі көтеріледі; барлық бұлшық еттер жұмыс істейді және үйлесімді дамиды; омыртқа дене салмағынан босайды, оның бұлшық белдеуі нығаяды. Ежелгі Қытай даналары адам омыртқасын өмір діңгегі деп атаған, өйткені бүкіл ағзаның саулығы дәл соның күйіне байланысты. Және де арқаның шыныққан бұлшық еттерінің нәтижесі – әсем сымбат пен жеңіл қимыл, бұл қыздар үшін өте маңызды.

Су полосындағы ойын – бұл тамаша әрекет, жақсы үйлесімдік және зейін.

Спорт клубымыздағы бассейн жазда ашық аспан астында жұмыс істейді, бұл оның даусыз артықшылығы болып табылады, өйткені бір қалыпты ультракүлгін әсері баланың ойлау қабілетін және денемен жұмыс істеу қабілетін ұлғайтады; вегетативтік жүйке жүйесін нығайтады; зат алмасуды жақсартады; организмнің ортаға бейімделу мүмкіндігін ұлғайтады.

Егер сіздің балаңыз спорт ойындарына қызығатын болса және бассейнге келгенді ұнататын болса, онда су полосы тамаша таңдау болады!

Мынадай жоғары білікті жаттықтырушыларымыз жүзудің спорттық тәсілдеріне, ойын техникасы мен тәсіліне үйрететін болады:

Акбердин Борис Борисович, тел. +7 701 775 73 90

Костенко Сергей Анатольевич, тел. +7 701 245 57 11


Кесте / Бағасы Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз