"ОЖБ" Ақ банкрот болуы туралы ақпаратқа түсініктеме.

Жаңалықтар архиві »

Қазан 8, 2015

Бұқаралық ақпарат құралында «Орталық жүзу бассейні» АҚ банкротты деп тану туралы мәліметтердің пайда болуына байланысты «Су спорты түрлерінен республикалық орталық» АҚ мынадай жәйтті хабарлайды:

«Су спорты түрлерінен республикалық орталық» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 13.10.2011 ж. № 11641 қаулысына сәйкес құрылған.

Көрсетілген қаулыны орындау үшін Алматы қ. бойынша «Жетiсу» өңіраралық мемлекеттік мүлік департаменті филиалының акциясын төлеу және «Су спорты түрлерінен республикалық орталық» АҚ-на 09.02.2012 ж. қабылдау-беру актісі бойынша жекешелендіру үшін Орталық жүзу бассейні" АҚ мүліктік кешені берілген.

Яғни көрсетілген кезеңнен бастап Абай д-лы, 48-үйде орналасқан бассейн ғимараттары мен құрылыстарының кешені «Су спорты түрлерінен республикалық орталық» АҚ-ның меншігінде, оның «Орталық жүзу бассейні» АҚ-на ешқандай қатынасы жоқ.

Кесте / Бағасы Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз