«Теміртау маржаны» атты синхронды жүзу бойынша III ашық Халықаралық турнир

Жаңалықтар архиві »

Мамыр 13, 2014

23 мен 25 сәуірде Теміртау қаласында «Жастар» жүзу бассейнінде «Теміртау маржаны» атты синхронды жүзу бойынша III ашық Халықаралық турнир өтті. (фото)

Биылғы жылы жарыстарда Новосибирск, Астана, Алматы (№4 БЖОДМ, «Rakhat Fitness»), Теміртау (Ә. Молдағұлова атындағы спортқа дарынды балалардың мектеп-интернатыой, ДЮСШ) командалары, сондай-ақ Қарағанды облысының құрама командасы қатысты.

Жарыстардың алғашқы күндерінде спортшылар өз бағдарламаларын комбинацияланған топтарда және 12 жас пен одан кішілердің жас топтары, 13–15 жастағылар және юниорлар соло өнер көрсетті.

Екінші күні синхронды спортшылар көрермендер мен төрешілер алдында міндетті бағдарламаларды, ал үшінші күні қатысушылар дуэттер мен жас топтары бойынша өз өнепрлерін көрсетті.

Спортшылардың дайын бағдарламалардың элементтері мен фигураларын орындауы жанкүйерлерді әрқашанда толғандырып отырды.

Теміртау қаласындағы жарыстарда танымал қазақстандық спортшы, синхронды жүзу бойынша Сиднейдегі жазғы олимпиадаға қатысқан Галина Резванцеваның жаттықтырушылық дебюті болып өтті.

«Теміртау маржаны» атты синхронды жүзу бойынша III ашық Халықаралық турнирде ол жұмыс істейтін «Rakhat Fitness» спорт клубының құрамасы қатысы. Қыздар жаман нәтиже көрсеткен жоқ– жарыс қорытындысы бойынша олар 12 жас пен одан кішілердің жас топтарында төртінші орынды иеленді.

– Темірді қызуында бас, – дейді жарыс қорытындылары бойынша «Rakhat Fitness» СК жаттықтырушысы Галина Резванцева.

– Алдымен қыздардың жүйкесі сыр берді, олар ағаш жапырағындай дірілдеп кеткен еді. Қыздар осындай жауапты турнирге алғаш рет қатысып отыр ғой. Ал жарыстардан кейіне олар жүлде алмағандары үшін қиналды.

Кесте / Бағасы Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз