Сүңгуір Екатерина Руденко Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Жаңалықтар архиві »

Қырқұйек 23, 2014

Қазақстан спортшысы 50 метрге арқамен жүзуде екінші нәтиже көрсетті.

Қазақстан сүңгуірі Екатерина Руденко Инчхонда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды Vesti.kz. тілшісі.

Руденко 50 метрге арқамен жүзу арқылы финалда екінші нәтиже көрсетті. Шешуші жүзу жолында ол Қытай спортшысы Фу Юаньхуэйге бар болғаны 38 секунд жіберіп алды Қола жүлде жапон спортшысы Миюке Такемуреге бұйырды. Бұл қазақстан сүңгуірлерінің Инчхонда өткен ойындардағы алғашқы медалі болды.

Бүгін медаль үшін тағы да екі қазақстандық сүңгуірлер айқасатын болады. Дмитрий Баландин жақсы уақыт көрсете отырып, 200 метрлік брасс тәсілімен жүзуде финалға шықты, және финалдық жүзуде ол жеңіске мүдделі болып отыр. Ал Эльмира Айғалиева финалдық жүзуде 100 метрлік баттерфляй әдісімен жүзетін болады.

Анық ақпараттар: http://vesti.kz/asiada/194726/
Кесте / Бағасы Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз