V Азия жағажай ойындарындағы жеңіс!

Жаңалықтар архиві »

Қырқұйек 27, 2016

Данангте өткен V Азия жағажай ойындарында қазақстандық спортшылар таға да көзге түсті.

Ашық су бетіндегі жарыстарда екі ара қашықтықта Виталий Худяков ең үздік болды: 10 шақырымды ол 2:02:07.2 ішінде жүзіп өтті, ал 5 шақырымды 58:03.3 уақытта игерді. Бұл тамаша нәтиже және еңбекпен жеңіп алған екі медаль Виталийдің иелігінде! Бұл спортшының жеңісі бізге ерекше ұнамды және қымбат, өйткені ол Rakhat Fitness-те жаттығу жасайды! Осылай бол, Виталий!

Сондай-ақ Ксения Романчуктың қола сыйлығын атап өткіміз келеді: спортшы қыз 10 шақырымдық қашықтықты 2:14:20.0 уақыт ішінде игерді және де бұл Қазақстан үшін өте маңызды жеңіс!

Біз Виталий мен Ксенияны және оның жетекшілерін құттықтаймыз, оларға денсаулық, сәттілік тілейміз және жарыстарда олардың арқасында еліміздің ән ұраны жиі шырқалсын!

Кесте / Бағасы Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз