Алматы қаласының баскетбол чемпионатының финалы

Жаңалықтар архиві »

Қазан 25, 2016

Өткен жексенбіде Алматы қаласының 2003 жылы туған балалар арасында баскетбол чемпионатының финалы өтті.

Наурызда турнирді бастаған он команда ішінде аса кемелденген және қызық ойынды екі ұжым көрсетті: «Рахат фитнес 1» құрама командасы және «Рахат фитнес 2» құрама командасы.

Дәл осы екі команда алтын медалдар тағдырын шешті. Тұрақты чемпионаттың бірінші ойынында екінші команда бірінші команданы 15 ұпайлық айырмашылықпен сенімді түрде жеңуі финалдың ерекше ширығуын көрсетті.

Екі команда қатарында көтеріңкі түрде ынталанған ойыншылардың болуы; көрермендер толы трибуна, олардың арасында ойыншылардың ата-аналары; қызық ойынды күту – мұның бәрі суперматчқа ынталандырды. Балалар финалға келген жанкүйерлердің сенімдерін толық ақтады.

Аса әдемі әрекеттерді Арслан Юсупов көрсетті, үш ұпайлы «бомба» аса алыстан қарсыластары Алексей Кочергин мен Юрий Хоменковтың шеңберіне жөнелтілді. Әдеттегідей Глеб Гуренко мен Александр Ермаков аса белсенді болды. Арсен Ордоков өз командасына іскерлікпен «дирижерлік» етті.

Командалардың ешқайсысы да шешуші артықшылыққа қол жеткізе алмады. Ойын барысында он ретке жуық көшбасшыларды ауыстыру болды.
Ойыншылардың жеке шеберлікпен жасаған өте әсем әрекеттеріне, жарқын сәттерге көрермендер қол шапалақтап, қолдау көрсетіп отырды.

Финалдың шарықтаған шегі Юрий Хоменковтың үш ұпайлы дәл лақтыруы болды, ол оны финалдық ысқырыққа дейін 10 секунд бұрын соқты да, бірінші «Рахат» 1 ұпаймен алға шықты.

Жеңіске жетуге ерте сенімді болған қарсыластарды екінші «Рахаттың» көшбасшысы — Арслан Юсуповтың шеңбер астына екпіндей өтуі жерге қайта қондырды. Күшті мәнерде ол екі айыппұлдық лақтыруға құқық алады, олардың біреуін жүзеге асыру кездесуді овертаймға жібереді.

Қосымша уақытта бірінші «Рахаттың» көшбасшыларының бірі Даниил Марголин аса кемелденген және нәтижелі ойын көрсетті. Аса күрделі бірнеше доп соғып және қорғауда маңызды қос жинақты алып, ол ойынның кездесу нәтижесін анықтаған «джокердің» өзі болды.

Қорытынды есеп — 78:72 "Рахат фитнес 1" құрама командасының пайдасына.

Аяқталған чемпионаттың ең бағалы ойыншысы «Рахат фитнес 1» құрама командасының ойыншысы Даниил Марголин болып танылды.


Командалар құрамы:
«Рахат фитнес 1»


Глеб Гуренко
Алексей Кочергин
Данил Марголин

Роман Айстраханов

Юрий Хоменков

БуракБуру

Артур Середавин

Кирилл Шалыгин

Альнур Кунболов

Каиржан Сеиткарим

Дарын Ибадулла

Валерий Живов

Жангир Арызхан


«Рахат фитнес 2»:

Арслан Юсупов

Арсен Ордоков

Андрей Волков

Гани Махатов

Александр Ермаков

Ярослав Марголин

Егор Золотухин

Никита Коваленко

Виталий Коваленко

Сергей Пак

Омарали Курманали

Даулет Уалибеков

Жаттықтырушы: Александр Николаевич Золотухин

Кесте / Бағасы Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз