«Rakhat Fitness» спорт клубында FitnessPRO халықаралық конвенциясы өтті

Жаңалықтар архиві »

Наурыз 27, 2017

Rakhat Fitness спорт клубына 24 наурыздан бастап 25 наурызға дейін 400 аса адам келді, олар конвенсияға қатысты. Іс-шара ұйымдастырушылары FitnessPRO оқыту орталығы қатысушыларға толық қанды және жан-жақты бағдарлама дайындады. Әлемнің 25 аса еліне танымал кәсіби хореограф Владимир Снежик өзінің оқыту семинарымен сөз сөйледі.

Ол қатысушыларды Port de Bras Band Functional Stretch&Body Toning иілгіш лентаны пайдаланып, функционалдық қалпына келтіру жаттығуларының қазіргі заманғы жүйесімен таныстырды. Сондай-ақ конвенцияға спорттық физиолог, бокс бойынша бірнеше чемпиондарды дене шынықтыру бойынша жаттықтырушы Василий Волков шақырылды. Ол қатысушыларға дене шынықтыру дайындығының теориясы мен әдістемесі туралы айтты.


Конвенцияда нон-стоп режимінде бір уақытта төрт алаң жұмыс істеді. Rakhat Fitness залдарында жуықтағы шетелдің белгілі баяндамашылары және қазіргі заманғы фитнес-индустрия көрсетушілері сөз сөйледі: Тарас Климов, Екатерина Смирнова. Мастер-класстар қазіргі күндердегі ең талап етілген бағыттар бойынша өтті: Tae Bo, степ, аэробика, функционалдық тренинг, Pilates и Zumba, Port de Bras және омыртқаны функционалдық қалпына келтіру бағдарламасы.

Бұдан басқа күні бойы фитнес-орталықтардың басқармашылық құрамына және өз клубын ашқысы келгендерге арналған лекциялар оқылды. Бизнес-алаң фитнес- және веллнес-индустрия саласындағы қазақстандық және ресейлік сарапшыларды біріктірді. Бұл секцияның жұмысы кезінде сарапшылар фитнес-орталық жұмысын тиімді ұйымдастыру мәселесінің кең спектірін қарастырды: клуб ашу алгоритмінен бастап топтық сабақтар кестесін оңтайлы құру құпиясына дейін.


Ал оқытудан кейін үлкен Zumba кеші өтті. Rakhat Fitness СК үлкен залындағы халықаралық көрсетушінің осы би бағытындағы Сергей Побегаловтың мастер-класына бүкіл Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және Ресейден Zumba-ны ұнататындар жиналды.

«Біз үшін FitnessPRO Конвенция — бұл бірінші кезекте нұсқаушыларымызды оқытудың тағы да бір мүмкіндігі, өйткені мен мынаған өте сенімдімін – кез келген фитнес-клубтың негізі кәсіби жаттықтырушылар құрамы. Екіншіден бұл тәжірибе алмасудың тамаша алаңы, онда біз белгілі бір тақырып, мәселе бойынша сарапшылардың пікірін ести аламыз. Өз клубымызда барынша инновациялық бағдарламалдарды енгізе отырып, әлемдік фитнес саласындағы белгілі беталыстарға сүйенуге тырысамыз», — деп түсіндірді Rakhat Fitness Спорттық және фитнес-бағдарламалар департаментінің директоры Петр Белорыбкин.

Осы халықаралық FitnessPRO Конвенцияның бірінші рет өткізіліп отырғанын қоса айтқымыз келеді. Іс-шараның негізгі мақсаты кәсіби және әуесқойлар арасында фитнес саласындағы соңғы, ең алдыңғы қатарлы әзірленімдердің тұсаукесерін жасау және алға жылжыту, сондай-ақ спортшыларды, жаттықтурышыларды және басшыларды оқыту. Іс-шараның бас серіктесі Қазақстандағы алғашқы спорт клубы Rakhat Fitness болды.

Кесте / Бағасы Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз