Жүзу бойынша ашық сабақтың қорытындысы

Жаңалықтар архиві »

Маусым 16, 2017

Бүгін, ағымдағы жылдың 15 маусым күні Алматы қаласында «Су түрлері бойынша республикалық орталық» АҚ-ның негізінде, «Туризм индустриясы мен спортты дамыту қоры» корпоративтік қорымен бірлесе, «Samruk-Kazyna Trust» бас серіктестің қолдауымен аутистикалық спектірдің бұзылуы бар балалар тобына жүзуден ашық сабақ жүргізілді.

Жаттығуды 6 және 15 жас аралығындағы 6 бала көлеміндегі топқа «Су түрлері федерациясы» РҚҰ-ң жаттықтырушылары жүзуші спортшылардың бастапқы дайындығында мол тәжірибесі бар О. С. Сазыкина және Н. А. Сазыкин жүргізді. Жаттығу барысында балаларға жүзудің түрлі мәнерлерін меңгеруге септігін тигізетін техникалық элементтері орындалып, жүзу техникасы бойынша жаттығулар қатары көрсетілді.

5 жылға жуық осы топпен жаттығу жүргізетін психиатр- дәрігер, даму бойынша маман И. В. Русакованың айтуынша – «Жүзу, аутизмі бар балаларға өте пайдалы болып табылады, сондықтан осындай бұзылу белгілері бар балаларға қиын болып табылатын, судағы жаттығулар оларға өз денелерін ұғынуға, дененің түрлі мүшелерінің қозғалысын үйлестіруге мүмкіндік береді. Жүзу балалардың физикалық күйінің жақсартуына, ақыл-ой қабілетіне әсер етіп, нәтижесінде олардың құрдас арасында тез бейімделуіне және одан арғы әлеуметтенуіне көмектеседі. Осы жұмыста Су спорты түрлері федерациясының тәжірибелі мамандарының көмегі баға жетпес болып табылады, өйткені білім мен тәжірибенің болуы жаттығулардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді».

Балалар жаңа жаттығуларды және жүзудің техникалық элементтерін зор қызығушылықпен қарсы алды, осы жаттығулар балаларға келешекте жүзу дағдысын тез меңгеруге және денсаулықты нығайтып, осы сырқатты жеңуге көмектеседі.

Кесте / Бағасы Өзінің ДЕӘ анықта Бос орындар "Rakhat Fitness"
спорт клубының жаңалықтарынан хабардар болыңыз